Ағылшын тіліндегі оқу бағдарламалары

Әлемдік дағдарыс ықпалына қарамастан Қазақстан Республикасы «Қазақстан-2050» стратегиясын орындау барысында көптеген жетістіктерге жетуде. Қол жеткізілген жетістіктер арасынан білім беру үдерісін жоғарғы деңгейге көтеру үшін қолайлы жағдайлар жасау, ғылым мен білімді өндіріспен ұштастыру, отандық өндірісті дамыту шараларын атап өтуге болады.

Бүгінде білім беру бағдарламаларын дамыту үдерісі Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы – «Қазақстан-2050», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Нұрлы жол», «Цифрлық Қазақстан», сонымен қатар индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламалары аясында белсенді түрде жүргізіліп отыр. Мемлекет басшысының ірі стратегиялық бастамаларын іске асыру алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының инженерлік-техникалық салалар бойынша ағылшын тілінде сапалы және бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын дайындауына түрткі болды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдік алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының профессорларымен, сонымен қатар индустрия өкілдері – ҚР ірі кәсіпорындарының қызметкерлерімен біріге отырып, ҚР жоғарғы оқу орындарында жүзеге асыру үшін ағылшын тілінде төмендегідей білім беру бағдарламалары жасалды.

 

2018 жылы:

Білім беру бағдарламасы жасалған мамандық

Білім беру бағдарламасының тақырыбы

1

5В071400 – Авиациялық техника және технологиялар

Aviation engineering and technologies

2

5В061000 – Гидрология

Hydrology

3

5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Material science and technology of new materials

4

5В061200 – Метеорология

Meteorology

5

5В060300 – Механика

Mechanics

6

5В071700 – Жылу энергетикасы

Thermal power engineering

7

5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялары

Transport, transport engineering and technology

8

5В061100 – Физика және астрономия

Physics and astronomy

9

5В060800 – Экология

Ecology

10

5В071600 – Аспап жасау

Instrument making

 

2017 жылы:

Білім беру бағдарламасы жасалған мамандық

Білім беру бағдарламасының тақырыбы

1

5В060100 – Математика

Mathematics

2

5В060500 – Ядролық физика

Nuclear and Particle Physics

3

5В060900 – География

Geography

4

5В070100 – Биотехнология

Biological Engineering

5

5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

Applied and Computational Mathematics

2016 жылы:

Білім беру бағдарламасы жасалған мамандық

Білім беру бағдарламасының тақырыбы

1

5В070300 – Ақпараттық жүйелер

Industrial Information Systems

 

Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге атақты ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, шет мемлекеттер мен Қазақстанның ірі кәсіпорындарының өкілдері ат салысты. Шетелдік қызметкерлер АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Ресей, Қытай, Канада және әлемнің басқа да елдерінен шақыртылды. Оқу бағдарламаларын әзірлеушілер үшін ең бастысы білім беру бағдарламаларының сапасына қойылатын халықаралық талаптарды сақтауға, кредиттік оқыту жүйесімен сәйкестігіне, отандық білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып, еуропалық білім беру стандарттарына сәйкестігіне басымдылық беру болып табылады. Білім беру бағдарламаларының мазмұны ғылымдағы, техникадағы және технологиядағы соңғы әлемдік тенденцияларды ескере отырып әзірленген түбегейлі жаңа пәндерден тұрады.