Магистратура
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Орталық Азия жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып Университеттердің ұлы хартиясына қосылып, кадрларды даярлаудың заманауи үш сатылы «бакалавриат–магистратура–PhD докторантура» жүйесіне өтті.
ҚазҰУ магистратурасының білім беру бағдарламалары даярлаудың екі бағыты бойынша жүзеге асырылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді – түлектерге кейіннен ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен табысты айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіптік даярлықты қамтамасыз етеді.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ магистратурасында оқу белсенді зерттеу жұмысын, ғылым мен практиканың басым салаларында жетекші мамандардың жетекшілігімен университеттің ғылыми жобаларына қатысуды көздейді.
Университет магистратураның білім беру бағдарламаларын жетекші шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады. ҚазҰУ магистранттары үшін жыл сайын шақырылған шетелдік профессорлар дәріс оқиды, университеттің халықаралық байланыстарының арқасында ҚазҰУ магистранттары оқу және тағылымдамадан өту үшін шетелдік жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына шығуға мүмкіндік алады.
ҚазҰУ магистранттары әлемнің жетекші университеттерінде қос дипломды білім беру бағдарламалары, MBA – бизнес-білім беру бағдарламалары және «Ғылым Ордасы» ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша білім ала алады.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ ғылыми-педагогикалық бағыттағы 276 білім беру бағдарламасы бойынша магистратура бағдарламаларын жүзеге асырады.
Магистратураға түсушілерге арналған мәлімет http://welcome.kaznu.kz/kz/