Білім беру бағдарламасының сапасын бақылау қызметі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

Білім беру бағдарламалары сапасын

бақылау қызметінің басшысы

Байносерова Айгуль Габдуллаевна

 

Тел.: +7(727) 377-33-33 (ішкі. 1336, 1957, 3178)

Е-mail: Aigul.Bainoserova@kaznu.edu.kz 

 

Білім беру бағдарламалары сапасын басқару қызметі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Білім беру бағдарламаларының сапасы және аккредитация орталығына қарайтын бөлімше болып табылады. Қызмет жұмысының негізгі мақсаты білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау және Университетте білім алушылардың білімін бақылаудың тесттік нысандарын дамыту, пәндер бойынша бақылау құралдарының сапасын талдау және оларды стандарттау болып табылады.

Қызметтің негізгі міндеттері:

  • Білім беру бағдарламаларының сапасын мониторингтік және ақпараттық қамтамасыз ету;
  • Факультеттер мен кафедралардың қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия жұмысына қатысу;
  • Жоғары білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;
  • Университеттегі тестілеу жүйесін (кіру, ағымдағы, оқу, қорытынды) әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру және әдістемелік басқару;
  • Оқу процесінде тестілеуді қолданудың тұжырымдамалық мәселелерін әзірлеу;
  • Заманауи компьютерлік технологиялар негізінде тестілеу материалдарын әзірлеу мен қолданудың бірыңғай ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық (бағдарламалық қамтамасыз ету) тәсілін қамтамасыз ету;
  • Университетте тестілеуді ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттарды, бұйрықтар мен нұсқауларды әзірлеу;
  • Бақылау құралдарының сапасын және білім алушылардың білімін тест түрінде бақылау нәтижелерін талдау;
  • Компьютерлік тестілеу түрінде білім алушылардың білімін бақылауды ұйымдастыру және өткізу;
  • Тестілеу нәтижелерін оқу үдерісінің жағдайын талдау үшін пайдалану;
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен байланысты сақтау;
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін Ұлттық біліктілік тестілеуіне (бұдан әрі ҰБТ) қатысатын «Педагогика ғылымдары» бағыты бойынша бітіруші курс студенттерінің контингенті туралы ақпаратты қалыптастыру;
  • ҰБТ нәтижелеріне талдау жүргізу;
  • Университетте тестілеу процедурасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.