Докторантура PhD
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ жоғары білікті ғылыми кадрлар – философия докторларын (PhD) даярлауда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында танымал көшбасшы болып табылады. Университет Орталық Азия жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып Университеттердің ұлы хартиясына қосылып, «бакалавриат–магистратура–PhD докторантура» кадрларды даярлаудың заманауи үш сатылы жүйесіне толығымен өтті.
PhD докторантураның алғашқы эксперименттік бағдарламалары университетте 2005 жылы жетекші шетелдік университеттердің ғалымдарымен бірлесіп әзірленді. Бүгінгі таңда «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ PhD докторларын даярлауға әлемнің 600-ден астам ірі университеттерімен табысты ынтымақтастық орнатқан, университеттердің халықаралық, еуропалық және еуразиялық қауымдастықтарының мүшесі болып табылады және Еуропа, Солтүстік Америка, Азия елдерінің 100-ден астам университетінің шетелдік ғалымдары қатысуда.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ докторантурасында білім беру бағдарламаларының даярлануы ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша жүзеге асырылады және түлектерге кейіннен ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен табысты айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіптік даярлықты қамтамасыз етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантурасында оқу белсенді зерттеу жұмысын, ғылым мен практиканың басым салаларында жетекші мамандардың жетекшілігімен университеттің ғылыми жобаларына қатысуды көздейді.
Университет докторантураның білім беру бағдарламаларын жетекші шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.
Екі ғылыми консультанттың (отандық және шетелдік) болуы докторанттың таңдалған салада іргелі даярлығын, сондай-ақ өзінің ғылыми зерттеулерінде ғылым саласындағы жаңа әзірлемелерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
PhD докторларын даярлау бағдарламасы шеңберінде білім алушы докторанттардың беделді халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысуы, ғылыми мақалалардың халықаралық ғылыми журналдарда жариялануы қаржыландырылады. ҚазҰУ докторанттарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері Physical Review, Gravitation and Cosmology, Journal of Phys. A: Mathematical and Theoretical, Nanotechnology, International Journal of Psychology, International Journal of Agricultural Research және т.б. журналдарда жарияланған.
Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университет докторантурадағы білім беру үдерісін «Білім туралы» заңының, МЖМБС және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына толық сәйкестікте әрбір білім алушыға білім беру бағдарламасының барлық пәндерін меңгеру және білім алушылардың (оқуды аяқтағаннан кейін) философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады.
Қазіргі уақытта «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ 142 білім беру бағдарламасы бойынша философия докторларын (PhD) даярлауды жүзеге асыруға құқылы. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Қазақстан Республикасында докторантураның білім беру бағдарламаларының неғұрлым кең және толық тізбесін ұсынады.