Аккредиттеу және лицензиялау қызметі

АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ҚЫЗМЕТІ

Аккредиттеу және лицензиялау қызметі

Аккредиттеу және лицензиялау қызметінің басшысы

Агишев Алдияр Талғатұлы

Тел.: +7(727) 377-33-33 (ін. 1659)

Е-mail: agishev.aldiyar@kaznu.kz

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ACQUINASIINAQAFIBAA сияқты халықаралық аккредиттеу агенттіктерімен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III "білім туралы" Заңының (04.07.2018 ж.жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) (9-1-бап) және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 61-IV "сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының (29.03.2016 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) негізінде ынтымақтастық жасайды. Бұл ұйымдар ENQAECACEENQAINQAAHEEUAEQAR сапаны қамтамасыз ету бойынша халықаралық қауымдастықтар мен желілердің мүшелері болып табылады.


Аккредиттеу - білім беру бағдарламасының немесе жоғарғы оқу орнының сапа стандарттарына сәйкес бағаланудың нәтижесі болып табылады. Аккредиттеудің мақсаты білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының еуропалық стандарттарға (ESG 2015) сәйкестігін бағалау, сапасын қамтамасыз ету және нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 258 білім беру бағдарламасы (бакалавриат - 79, магистратура - 98 және докторантура - 81) мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті. 

 

Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және лицензиялау қызметінің негізгі қызметі мыналарды қамтиды: 

  • Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және лицензиялау рәсімдерін жүзеге асыру;
  • Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен өзара жұмыс жүргізу;
  • Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және лицензиялау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру, университет басшылығына жаңа білім беру бағдарламаларын аккредиттеу мүмкіндігі туралы ұсыныстар енгізу;
  • Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізуге өтінімдер беру;
  • Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес аккредиттеуден сәтті өту үшін білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту және өзін-өзі бағалау есептерін дайындау бойынша факультеттерге кеңес беру;
  • Қызметтің құзыретіне кіретін аккредиттеу және лицензиялау мәселелері бойынша факультет және департамент қызметкерлерінің консультациялары мен семинарларын өткізу;
  • Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы бағалауды жүргізу үшін халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктері сарапшыларының сыртқы аудит рәсімін сүйемелдеу;
  • Аккредиттеу агенттіктерінің сараптамалық тобының ЖОО басшылығымен, профессорлық-оқытушылық құраммен, жұмыс берушілермен және білім алушылармен сыртқы кездесулері мен сұхбаттарын ұйымдастыру;
  • Аккредиттеу агенттіктерінің ұсынымдарын орындау және ескертулерді жою бойынша университет факультеттері мен департаменттерінің қызметін ЖОО ішіндегі мониторингтеу және бақылау;
  • Білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу шеңберінде түрлі қызмет салаларындағы сарапшылардың ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерімен кездесулерін үйлестіру;
  • Білім беру бағдарламаларын лицензиялаудан кейінгі бақылау кезеңінде білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің комиссия мүшелерін сүйемелдеу.

 

Жыл 

Бакалавриат 

Магистратура 

Докторантура

Жалпы саны

2014/15

22

26

18

66

2015/16

41

51

33

125

2016/17

59

67

51

177

2017/18

71

81

53

205

2018/19

81

91

66

238

2019/20

76

91

74

241

2020/21

48

56

60

164

2021/22

28

29

28

85

 

 

ЖОО-ның институционалдық аккредиттеу туралы мәліметтері:

 

Аккредиттеу органының атауы

Басталуы

Аяқталуы

Сертификат

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі "БСҚА"

01.04.2014

31.03.2019

НАОКО

Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігі "ARQA"

30.05.2019

29.05.2024

ARQA