Шетелдік ынтымақтастық
Докторантарадағы шетелдік университетаралық ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі докторанттарға жақын және алыс шетел ЖОО-да оқуға және қос диплом - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және шетел серіктес университет дипломдарын алуға мүмкіндік беруге бағытталған біріккен білім беру бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру болып табылады. Бүгінде университетте қос дипломды білім берудің келесі докторлық бағдарламалары жүзеге асырылған.
2014-2015 оқу жылының шетелдік ынтымақтастығы |
---|
Ұлттық Политехникалық Лотаринг Институтымен біріккен бағдарлама 2010 жылдың 24 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Францияның Ұлттық Политехникалық Лотаринг Институты (ҰПЛИ) Қазақстан Республикасында геоэнергетика саласында ғылыми-білім беруші орталығын (Геоэнергетика орталығы) құру бойынша франция-қазақстандық серіктестік туралы екіжақты Меморандуаға қол қойды. Меморандум аясында «Геоэнергетика» докторалды мектебінде PhD докторанттарды даярлау және қос диплом беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Бағдарлама ғылыми консорциум аясында геоэнергетика бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді қарастырады. ҚазҰУ мен ҰПЛИ қатысуымен «Геоэнергетика» докторалды мектебінің және Ғылыми концорциумның механика-математика факультетінде жүзеге асырылатын жұмыстарының шарттары келісілген. Total және ARENA француздық мұнай және уран өндіруші компанияның сұранысы бойынша ҰПЛИ-мен бірігіп алғашқы екі потенциалды қаржыландырушы ғылыми проблемалары қалыптастырылды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің PhD докторанттары Кульджабеков А. пен Толеуханов А.Е. (механика кафедрасы) ҚазҰУ және Лотаринг біріккен бағдарламасына тіркелген |
Валенсия Мемлекеттік Политехникалық Университетімен біріккен бағдарлама 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Валенсия Политехникалық Мемлекеттік университетімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды. Келісім негізінде физика мамандығы бойынша біріккен PhD бағдарламасы жүзеге асырылды. Келісім декларацияның өсуіне екі жақты пайда мен академиялық, ғылыми ынтымақтастық саласында қарым-қатынасты нығайтуда. Университетаралық ынтымақтастың негізгі мақсаты ол тәжірибемен, білім беру мен мәдениет саласындағы қызметкерлердің алмасуы болып табылады. Валенсия Политехникалық университетінде «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша PhD докторант Ә.Асқарұлы диссертациясын қорғады (ғылыми жетекшілері: профессор И.М.Ткаченко-Гурски, Испания және Ю.В.Архипов әл-Фараби ат.ҚазҰУ, Қазақстан). Бұл жоғары баллға ие болған есепті есепті теоретикалық жұмыс, ҚазҰУ мен ВПУ арасындағы қос дипломды бағдарламасының келісімі аясында жасалған. Диссертация тақырыбы физика саласындағы инерциялық термоядролық синтезбен тығыз байланысты. Алынған нәтижелер физика саласы бойынша жоғары рейтингті журналдар қатарына жарияланды (соның ішінде Physical Review – Импакт-факторы 2.4). Тікелей оппоненті мен комиссия мүшелері ретінде (трибуналда) Францияның, Германияның Испанияның соның ішінде теориялық физика және қатты плазманың негізін қалаушылардың бірі профессор К.Дойч (XI париж университеті, Франция) қатысты. |
Халықаралық жоғарғы ауыл шаруашылық оқу орталығының ғылымы (Франция) біріккен бағдарламасы
2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Халықаралық жоғарғы ауыл шаруашылық оқу орталығының ғылымымен (Франция) ынтымақтастық жөнінде біріккен PhD докторанттарды дайындайтын «биотехнология» мамандығы бойынша келісім шартқа қол қойылды. Келісімнің негізгі мақсаты байланысты нығайту және Франция мен Қазақстан арасындағы мобильділік болып табылады. 2012 жылы биология және биотехнология факультетінің PhD докторанты Ахметсадыкова Ш.Н. |
Клод Бернар Лион-1 университетінің біріккен бағдарламасы (Лион қаласы, Франция)
Халықаралық жоғарғы ауыл шаруашылық оқу орталық ғылымында (Франция) диссертация жұмысын қорғайды. Клод Бернар Лион-1 университетімен біріккен бағдарламасы. Клод Бернар Лион-1 университеті (Лион қаласы, Франция) 26 қазан 2011жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен PhD докторанттарды дайындайтын біріккен дайындық бағдарламалары аясында келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда 1 курс докторанты химия және химиялық технология факультетінің 6D060600-Химия мамандығының докторанты Конуспаева З.С. біриккен бағдарламаға оқуға қабылданды. Бұл бағдарламалар бойынша білім алушыларды терең кәсіби даярлау екі жоғары оқу орнының - ҚазҰУ және серіктес ЖОО ғылыми және әдістемелік мектептерінің үйлесімі нәтижесінде қол жеткізіледі. Біріккен білім беру бағдарламаларының практикалық бағыттамасы анағұрлым қолданбалы сипатқа ие болатын даярлық бағытын таңдау арқылы қамтамасыз етіледі. Қос дипломды бағдарламалардың кәсіби жоғары білім берудің қазіргі кездегі жүйесінің феномені ретінде пайда болуы жайжан жай емес. Қос дипломды білім берудің басымдылықтары айтарлықтай – ол неғұрлым тереңдетілген, сондай-ақ неғұрлым кешенді, көп жақты мамандар даярлауды қамтамасыз етеді, білім алушылардың академиялық мобильділігіне әсерін тигізеді және бітіріушілердің ішкі де, және халықаралық еңбек нарығындағы бәсекелестігін жоғарлатады. |