2.5. Білім беру сапасы бойынша факультет комитеті
2.5.1. Білім беру сапасы бойынша факультет Комитеті (сапа бойынша комитет) кешенді мониторинг жүргізуге және факультеттің білім беру саясатын сүйемелдеуге бағытталған.
2.5.2. Сапа бойынша Комитеттің мақсаты – факультетте жүзеге асылатын білім беру процесінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру.
2.5.3. Комитеттің дербес құрамы факультет деканымен бекітіледі, оның құрамына кемінде 10-15 жыл ғылыми-әдістемелік жұмыс өтілі бар тәжірибелі оқытушылар, жұмыс берушілер, білім алушылар мен бітірушілер кіреді.
2.5.4. Университет факультеттерінде білім беру сапасы бойынша Комитеттің функциялары:
- факультетте білім беру процесінің сыртқы және ішкі жағдайлар мен жай-күйін ұйымдастыру және мониторинг жүргізу, факультетте білім алушыларды дайындау сапасы белгіленген стандарттан ауытқуды уақтылы анықтау мақсатында;
- ауытқулар себептерін талдау, түзету іс-шаралары туралы ұсыныстар әзірлеу, кадрларды даярлаудың барлық деңгейінде сәйкес келмейтін нәтижелердің алдын ала ескерту (оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқытушыларды т. б. қызметкерлерді даярлауды жақсарту және, сондай-ақ ақпараттық, материалдық және т. б. қамтамасыз ету);
- білім беру процесін оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ету сапасын бағалауды жүзеге асыру; шынайы фактілерге негізделген білім беру бағдарламаларының тиімділігі сапасына ішкі бағалау жүргізу; білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкестік деңгейін анықтау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- білім алушылардың білім беру қызметтерінің сапасына байланысты қанағаттанбаған мәселелерді қарастыру;
- факультеттің білім беру саясаты бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
- ПОҚ мен білім алушылар тарапынан академиялық әділетсіздікке жол бермеу жағдайларын қарастыру.
2.5.5. Комитет отырыстарында білім беру сапасы семестрде қажеттілігіне қарай кемінде бір рет талқыланады. Комитет отырысы хаттамамен ресімделеді. Комитеттің жұмысы туралы есеп факультеттің Ғылыми кеңесіне қарауға шығарылады.