1.8. Болон үдерісі бойынша студенттік бюро
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы алғашқы Болон үдерісі бойынша студенттер бюросын (БҮСБ) - студенттердің тәуелсіз ұйымын құрды, оның негізгі мақсаты студенттердің мүдделерін қолдау және қорғау және олардың академиялық мәселелерін шешу болып табылады. БҮСБ ҚазҰУ-да білім сапасы туралы ескертулер мен ұсыныстарға ашықтық саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға тырысады.
БҮСБ миссиясы – ҚазҰУ студенттерінің дербестігін дамытуға ықпал ету – білім беру саласындағы құқықтарды қорғау мәселелерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру қызметін пайдалану іскерлігін қалыптастыру, сондай-ақ әр студенттің зияткерлік әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін барынша толық дамытуға ықпал ету мақсатында студенттерде білім беру қызметін пайдалану іскерлігін қалыптастыру.
Ұйымның міндеттері:
- университеттегі білім сапасы туралы студенттердің түсініктері мен ұсыныстарына ашықтық саясатын енгізу және студенттерді олардың білім беру жолдарын құруға толықтай тарту арқылы білім беру үдерісін басқаруға студенттердің қатысуын жандандыру;
- академиялық адалдық мәдениетін ұстану арқылы сапалы білімге ықпал ету саясатын жүзеге асыру; студенттерді қолдау мақсатында факультеттің этика кеңесіне қатысу; білім сапасын бақылау;
- білім алу сапасының мониторингі
- ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту;
- шетелдік студенттерді қолдау;
- студенттердің халықаралық жобаларға барынша қатысуын қамтамасыз ету.
БҮСБ аясында студенттерге қолдау көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істейді. «Кеңес беру» - студенттер мен әкімшілік арасындағы диалог орны, дауларды шешеді, сонымен қатар оқу процесін жақсарту үшін ұсыныстар мен ескертулерді қабылдайды. Әрбір студент «Кеңеске» анонимді түрде де, жеке кеңес алу үшін де әр түрлі сұрақтармен жүгіне алады. Орталықты университеттің академиялық саясатын және білім беру саласын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді толық меңгерген студенттердің өздері басқарады.