2.27. Мемлекеттік стипендияны тағайындау тәртібі
2.27.1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларына мемлекеттік стипендиялар төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР БҒМ нормативті құжаттарына және ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2.27.2. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған бакалаврларға, магистранттарға, PhD докторанттарына емтихан сессиясы немесе аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім алушылардың «жақсы», «өте жақсы» бағаларына сәйкес баға алғанда төленеді.
2.27.3. Академиялық демалыстан оралған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау академиялық айырмашылық толық жойылған жағдайда академиялық демалыстан қайтып оралғаннан кейін бірінші академиялық кезеңнің аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2.27.4. Басқа жоғары оқу орындарынан ауыстырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылық толық жойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
2.27.5. Ақылы негізде оқудан мемлекеттік негізде білім беру тапсырысы бойынша оқуға босаған мемлекеттік гранттар шеңберінде ауыстырылған білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау университет ректорының грант бойынша оқуға ауыстырылу туралы бұйрығы шыққаннан кейін жүзеге асырылады.
2.27.6. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылардың шығармашылық белсенділігін көтермелеу мақсатында түрлі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдармен, ұлттық компаниялармен біріге отырып, университет білім алушыларына стипендия тағайындайды.