2.8. Академиялық білім беру бағдарламасы
2.8.1. Университетте мамандар даярлау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
2.8.2. Білім беру бағдарламасы (ББ) – қажетті дәрежесі (бакалавр, магистр немесе доктор) тағайындау үшін бекітілген модульдер жинағы немесе курс бірлігі.
2.8.3. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу оқытудың күтілетін нәтижелеріне бағытталған; білім беру бағдарламасының мазмұны нақты оқу пәндерді ғана емес, сонымен бірге берілген нәтижелерге жеткізетін нақты құрылымдық рәсімдер жиынтығы мен оқыту жағдайларын қамтиды.
2.8.4. Университеттің білім бағдарламалары даярлау бағыттары бойынша, олар университеттің білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру бағдарламалары топтарының аясында дайындық бағыттары жіктеуішіне сәйкес әзірленеді.
2.8.5. Білім беру бағдарламалары түлек шығарушы кафедралармен Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға, Дублин дескрипторларына және Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес әзірленеді.
2.8.6. Барлық білім беру бағдарламалары белгіленген тәртіппен сыртқы сараптамадан өтеді және білім беру бағдарламаларының ұлттық Тізіліміне енгізіледі.
2.8.7. Білім беру бағдарламасы оқыту нәтижесіне бағытталған. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу процесінде және ББ аясында білім беру қызметін талдауда жұмылдырылған барлық мүдделі тараптарды қоса алғанда, білім алушылар мен жұмыс берушілерде кіреді.
2.8.8. Университетте білім беру бағдарламаларын әзірлеудің негізгі принциптері:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім дамуында әлемдік трендтер бағдары: мультипәнаралық, студенттік бағдар, инновациялылығы, көзделу, жүйелі ойлауға мен әлеуметтік қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған;
- ұлттық трендтер бағдары – интернационалдандыру, білім беру интеграциясы, ғылым және өндіріс, цифрлау, рухани жаңғыру;
- ҚазҰУ стратегиялық басымдықтарына – халықаралық рейтинг бойынша топ-200 кіретін университеттердің ББ сәйкестігі.
2.8.9. Әрбір білім беру бағдарламасының координаторлары бар, олар факультет Ғылыми Кеңесінің шешімімен тағайындалады және ББ жобалауды, әзірлеуді және іске асыруды үйлестіреді жұмылдырылған барлық мүдделі тараптарды қоса алғанда, білім алушылар мен жұмыс берушілерде кіреді.
2.8.10. Білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде келесі параметрлер ескерілуі тиіс: кадрлармен қамтамасыз ету, білім беру бағдарламасын ақпараттық ресурстарын қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету практика-базаларымен қамтамасыз етілуі, ББ іске асыруда ақпараттық қолдау процесі, ББ әдістемелік қамтамасыз етілуі.
2.8.11. ББ әзірлеудің сапасын бақылау мақсатында, бағдарлама ЖОО ішкі бағалаудан өтеді және жұмыс берушілерге, қоғамдық және академиялық орта өкілдеріне сыртқы сараптамаға жолданады. Сараптаманың мақсаты – білім беру бағдарламалары сапасын арттыру. Білім беру бағдарламаларын және әдістемелік құжаттарды сараптау ашықтық, шынайылық, жүйелі ұйымдастырылған сараптамалық жұмыс қағидаттарына негізделеді.
2.8.12. Барлық білім беру бағдарламаларының бірыңғай бекіту тәртібі бар, олар өз кезегімен қарастырылады:
- сапасы бойынша факультет комитетінің шешімі;
- факультеттің Ғылыми кеңесінің шешімі;
- университеттің Әдістемелік жұмыс қызметімен келісу;
- Академиялық Комитетпен бекіту;
- университеттің Ғылыми кеңесімен бекіту.
2.8.13. Университеттің білім беру бағдарламалары тізбесінен Білім беру бағдарламасы алынып тасталуы мүмкін:
- факультет Ғылыми Кеңесінің бастамасы бойынша оны іске асырудан бас тартқан кезде;
- Университет Ғылыми Кеңесінің бастамасы бойынша, ББ іске асыруда үш жыл ішінде абитуриенттер болмаған жағдайда;
- Университет Ғылыми Кеңесінің бастамасы бойынша аккредиттеу агенттігі теріс қорытындысы берген жағдайда;
- Университет Академиялық комитетінің бастамасы бойынша, егер қандай да бір рәсімдерді сыртқы немесе ішкі сапасын бағалауда ББ туралы сапа қорытындысы төмен болған жағдайда;
- ҚР Білім және ғылым Министрлігі Болон процесі Орталығының бастамасымен білім беру бағдарламасы түлектерінің жұмысқа орналасуы 50% - ға төмен болғанда.
2.8.14. Білім алушылар оқуға түсу кезінде білім беру бағдарламалар тобының ББ жеке өтінішіне сәйкес қабылданады. Университеттің Қабылдау комиссиясында факультет кеңесшілерімен білім алушыларға 10-25 тамыз аралығында білім беру бағдарламаларын таңдау мәселелері бойынша кеңес беріледі.
2.8.15. Білім алушыларды пәндерге тіркеу аяқталғаннан соң және жеке оқу жоспарларын қалыптастырғаннан кейін білім беру бағдарламасының мазмұнын өзгертуге (пәндерді өзгертуге) жол берілмейді.