2.3. Академиялық саясат қоры
Академиялық саясат ережелер мен қағидалар жиынтығы ретінде университеттің білім беру қызметінің өзара байланысты және бір-бірімен ықпалдас үдерістерін сапалы түрде іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мамандарды жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім берудің (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура, екінші жоғары білім) деңгейлік бағдарламалары мен кредиттік технологиясы бойынша даярлауды жүзеге асырады. Оның басты міндеті білім алушының – оқу үдерісі ережелері шеңберінде білім көлемін кредит түрінде есепке ала отырып, білім беру траекториясын таңдау және соның негізінде өзін-өзі ұйымдастыра алуы, өздігінен білім алу қабілеттерін дамытуы.
Білім беру бағдармаларын жүзеге асыру үдерістері мен тәртібі біліктілік талаптарының деңгейлеріне сәйкес жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін сапалы орта қалыптастыратын, ішкі және сыртқы қорлар (ресурстардың) жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.
Ішкі және сыртқы қор білім беру қызметі субъектілерінің: білім алушы-оқытушы, бағдарламаның үйлестірушісі – жұмыс беруші, тапсырыс беруші, басқа да мүдделі тұлғалардың өзара байланысқа, өзара іс-қимыл сияқты белгілі бір қарым-қатынас жүйесіне негізделген орта қалыптастырады.
Білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың ішкі қорына мыналар жатады:
ОПҚ-ның кадрлық қоры; инфрақұрылым, білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметінің өзара байланыс және өзара іс-қимыл жүйесі; оқу үдерісінде білім беру бағдарламаларын жоспарлау тәртібі және оны жүзеге асыру; оқыту нәтижелерін бағалау саясаты; көрсеткіштерді өлшеу негізінде оқыту нәтижелерінің сапасын бағалау тәртібі; сапаны ішкі бақылау тәртібі; барлық процедураларды ақпараттық-технологиялық жолмен қолдау.
Ішкі қор университеттің білім беру қызметінің ережелерін жасап шығуға мүмкіндік береді: Дублин дескрипторлары негізінде жасалған күтілетін нәтижелер жүйесінің біліктілік талаптарын білім беру бағдарламаларының заманауи мазмұны қамтамасыз етеді, оларды жоспарлап жүзеге асыру білім беру үдерісін ұйымдастырудың әдіснамасымен қамтамасыз етіледі, заманның технологиялық және әдістемелік басымдықтарына негізделген, сонымен қатар қол жеткен нәтижелерді бақылау әдіснамасы.
Академиялық саясат барлық үдерістер мен процедуралардың сапалы қызмет жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыруға бағытталған маңызды процедураларға мыналар жатады:
1. Төменде көрсетілгендердің арқасында оқытудың сапасына кепілдік беретін ОПҚ-ның кадрлық қорын қалыптастыру:
- ғылыми біліктілік деңгейі;
- қазіргі кәсіби білім берудің мәні туралы тұжырымды көзқарастың қалыптасуы;
- өз мамандығы шеңберінде оқытудың заманауи әдіснамасын қолдана білуі;
- жеке кәсіби қызметі аясына оқытудың жаңа технологияларын қолдану;
2. Жоспарлау жүйесін жасау, білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, сапасын бақылап отыру;
- сапа деңгейін үнемі бақылау және осы деңгейді көтеруге бағытталған іс-әрекеттерді орындау;
- студенттерді сапаны бағалау іс-әрекеттеріне тарту;
- білім беру сапасын бағалау субъектілерінің қатарына жұмыс берушілерді, кәсіби ассоциациялар мен ғылыми қоғамдар, тәуелсіз сарапшыларды қосу;
- толық және шынайы ақпараттарды талдау негізінде негізгі шешемдерді қабылдап, тәртіптің ашықтығын қамтамасыз ету;
3. Білім беру ортасын қалыптастыру үшін оқу және оқу-әдістемелік қор жасап, оқыту нәтижесіне қол жеткізуді көздейтін оқу қызметінің түр-түрін іске асыру.
Білім беру тәртібінің мазмұны, түрі мен қызметі және олардың өзара ықпалдастығы Академиялық саясаттың құрамдас бөлігі саналатын ішкі оқу-әдістемелік құжаттамалармен белгіленіп іске асыралады;
Білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың сыртқы қорына мыналар жатады:
- ҚР Үкіметі, ҚР ҒжБМ-ның заңбекітуші және нормативті құжаттары;
- Еуропа университеттерінің Ұлы Хартиясы, Еуропалық біліктілік аясы (Дублин дискрипторы), Мамандықтардың Халықаралық және Ұлттық классификаторлары;
- Еуропа білім беру кеңістігі ішінде қарым-қатынастарды дамытып жетілдіруге бағытталған Болон келісімі мүшелерінің мәжілістері мен конференцияларында әр жылдары қабылданған барлық декларация, конвенция, коммюникелері;
- тұрақты коммуникациялық негізде құралған тұтынушылармен (жұмыс берушілер мен мүдделі тұлғалар) қарым-қатынас, олардың кәсіби стандарттар мәнмәтінінде біліктілік талаптары жүйесі болып табылатын білім беру бағдарламалары бойынша оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтау істеріне қатысуы; еңбек нарығының даму бағытына және қажеттілігіне қарай білім беру бағдарламаларын икемдеу; білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметі мен кәсіби тағылымдамасына жетекшілік жасау;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық саясаты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы ((№319-III 2007 жылдың 27 шілдесінен, 2018.02.07. № 170-VI ҚРЗ), Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдары қызметінің Типтік ережелері (ҚР БжҒМ 2018 жылдың 30 қазанындағы №595 бұйрығы), Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (ҚР БжҒМ 2018 жылдың 31 қазанындағы №604 бұйрығы ), Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі (ҚР БжҒМ 2011 жылдың 20 сәуіріндегі №152 бұйрығы, 2018.12.10.өзгертілген №563 бұйрығы), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы) және басқа ҚР БжҒМ-ның басқа нормативті-құқықтық актілері, сонымен қатар университеттің ішкі нормативтік құжаттары негізінде жасалған.