2.7. Құжаттарды қабылдау және білім алушыларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдау (магистратура, докторантура)
2.7.1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының (магистратура, докторантура) білім алушылар контингентіне талапкерлерді қабылдау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға оқуға қабылдаудың үлгі ережесі негізінде жүзеге асырылады.
2.7.2. Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының білім алушылар контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
2.7.3. Магистратура және докторантураға қабылдау, түсу емтихандарының нәтижелері бойынша, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2.7.4. Шетелдіктерді магистратура мен докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
2.7.5. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады, стипендиялық магистратура бағдарламалары қарастырылмайды
2.7.6. Шетелдік азаматтарды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша ақылы білім беру қызметтерін көрсету шарттары негізінде оқуға қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.
2.7.7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы "Білім және Ғылым" министрінің бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады.
2.7.8. Магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ҚазҰУ-дың Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 3-25 шілде аралығында жүзеге асырады.
2.7.9. Магистратураға түсу емтихандары шетел тілі бойынша, мамандық бойынша түсу емтихандары және кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.
2.4.10. Докторантураға түсу емтихандары білім беру бағдарламаларының тобына бейіні бойынша күнтізбелік жылдың 22-27 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.
2.7.11. Медициналық мамандықтар бойынша магистратураға және докторантураға тұлғаларды қабылдау екі кезеңде жүргізіледі: алдын-ала іріктеу, қабылдау емтихандары. Алдын-ала іріктеу түсу емтихандары басталғанға дейін күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 31 наурызына дейін жүргізіледі.
2.7.12. Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғалар қабылданады.
2.7.13. Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуды аяқтаған және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қабылданады.
2.7.14. Докторантураға түсетін тұлғалар үшін бір халықаралық тілдік сертификаттарының бастапқы деңгей белгіленгеннен төмен емес (TOEFL/IELTS/DSH/ TestDaF-Prufung/TFI/DELF/DALF/TCF) болуы міндетті шарт болып табылады.
2.7.15. Түсу үшін үміткерлер Қазұу-дың Қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш оған қоса университет сайтында "Талапкерлерге" ("Магистратура", "Докторантура") бөлімінде тіркелген тізім бойынша құжаттар береді.
2.7.16. Құжаттардың көшірмелерімен бірге, Қабылдау комиссиясына оларды салыстыру үшін түпнұсқалар беріледі және олар салыстырып-тексеру жүргізілгеннен кейін қайтарылады.
2.7.17. ҚазҰУ-дың Қабылдау комиссиясы халықаралық сертификаттардың шынайылығын тексереді және докторантураға түсушілерден құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.
2.7.18. Магистратураға қабылдау шет тілі тестінен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестінен, оқуға дайындығын анықтау тестінен тұратын білім беру бағдарламалары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2.7.19. Ағылшын тілінде оқытатын магистратураға қабылдау, ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестіден, және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тестіден, (таңдау бойынша) тұратын кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2.7.20. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) бағыты бойынша магистратураға қабылдау Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін таңдау бойынша, бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) түсу емтиханының және университеттің пәндік емтихандық комиссиясы өткізетін мамандық бойынша түсу емтиханының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2.7.21. Докторантураға қабылдау ҚазҰУ-дың пәндік емтихан комиссиясы өткізетін докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
2.7.22. Қабылдау емтихандарын және кешенді тестілеуді тапсыру жылында қайта тапсыруға жол берілмейді.
2.7.23. Магистратураға тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу қорытындысы бойынша 150 баллдық бағалау жүйесі шкаласына сәйкес қазақ және орыс тілінде оқытатын магистратураға кешенді тестілеу үшін: кемінде 50 балл, оның ішінде шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен-кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, оқуға дайындықты анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл жинау керек.
2.7.24. Магистратураға шетелдік тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу қорытындысы бойынша, 100 баллдық бағалау жүйесі шкаласына сәйкес кешенді тестілеу үшін ағылшын тілінде оқитындарға: кемінде 25 балл, оның ішінде шет тілі бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен-кемінде 8 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 10 балл жинау керек.
2.7.25. Медициналық мамандықтар бойынша магистратураға тұлғаларды қабылдау шет тілі мен мамандығы бойынша түсу емтихандарының қорытындысы келесідей балл жинаған нәтижеде жүзеге асырылады: шет тілі бойынша – 30 балдан кем емес және мамандығы бойынша – 50 балдан кем емес.
2.7.26. Магистратурада оқуға мемлекеттік білім грантын алу конкурсына қатысу үшін үміткерлер тиісті өтініш береді, оған кешенді тестілеу балдары бар сертификат ҚазҰУ-дың немесе басқа да ЖОО-ның қабылдау комиссиясына қоса беріледі. Өтініште үміткер білім беру бағдарламаларының тобын және үш ЖОО-ға дейінгі оқу орнын көрсетеді. Мемлекеттік грантты беру және үміткерге тиісті куәлік беру туралы шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды.
2.7.27. Докторанттар қатарына қабылдау жалпыеуропалық шет тілін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханының және халықаралық сертификаттың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Докторантураға қабылдау үшін өту балы 200 ең жоғары мүмкіндіктің 175-ін құрайды.
2.7.28. Қабылдау кезінде докторанттар білім беру бағдарламасының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайды.
2.7.29. Қабылдау кезінде магистранттар білім беру бағдарламасының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын мемлекеттік білім грантын алуда байқауға қатысу үшін құжаттар ұсынған кезде таңдайды.
2.7.30. Университет жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдау бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін білім беру саласындағы уәкілетті органға қабылдау аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ұсынады.