Шормақова Арайлым Ботанқызы
«6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Шормақова Арайлым Ботанқызының «Қазақ тіліндегі өсімдік әлемінің лингвомәдени бейнесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.
Рецензенттер:
Қиынова Жанар Кабдыляшымқызы – филология ғылымдарының докторы, ҚазҰҚПУ Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.01;
Күркебаев Кенжетай Құрманбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.02;
Ғылыми кеңесшілері:
Манкеева Жамал Айтқалиқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;
Ченгел Хулия Касапоглы – PhD, Хажы Байрам Вели университетінің профессоры, Анкара қ., Түркия.
Қорғау 2020 жылғы 29 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021300 – Лингвистика», «6D020900 – Шығыстану», «6D021200 – Түркология», «6D020700 – Аударма ісі» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Қорғау 2020 жылғы 29 желтоқсанда сағат 14:00-де он-лайн онлайн түрінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/82667851725?pwd=Ni9vdVhEbFRpNzI5MzVUcVV0cjZnUT09. Идентификатор 826 6785 1725
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық