Қорғау туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 56 бұйрығының 15 тармағына сәйкес Диссертациялық кеңес ЖОО интернет-ресурстарында докторанттардың қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі ақпаратты орналастырады:
      1) мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама;
      2) диссертация;
      3) көлемі 1 (бір) баспа табақтан кем емес мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация;
      4) докторанттың жарияланымдарының тізімі;
      5) қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді ғылыми кеңесшілердің пікірлері;
      6) ресми рецензенттердің пікірлері;
      7) қорғаудың бейнежазбасы;
      8) диссертациялық кеңестердің есептері;
      9) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда).