Рысмагамбетова Айна Акановна

«6D060800-Экология (география ғылымдары)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Рысмагамбетова Айна Акановнаның «Елек өзені алқабының жер үсті және жер асты суларының бормен ластану динамикасын бағалау» (Assessment of the boron pollution dynamics of the groundwater and surface water of Ilek river valley) тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: ағылшын.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Турсунова Айсулу Алашевна – география ғылымдарының кандидаты, АҚ «География және су қауіпсіздігінің институты», су ресурстары лабораториясының жетекшісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 25.00.27;

Бобушев Темирбек Сейитказиевич – география ғылымдарының докторы, Қырғыз экономикалық университетінің профессоры, Бішкек қ., Қырғызстан, мамандығы 25.00.24.

Ғылыми кеңесшілері:

Павличенко Людмила Михайловна – география ғылымдарының докторы, профессор м.а., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Родриго Иларри Хавьер – PhD, Валенсияның политехникалық университетінің профессоры, Валенсия қ., Испания.

Қорғау 2020 жылғы 04 наурызында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060900-География», «6D090200-Туризм», «6D061000-Гидрология», «6D060800-Экология (география ғылымдары)», «6D071100-Геодезия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, география және табиғатты пайдалану факультеті, №219 аудиториясы.

2020 жылғы 4 наурыз диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 наурыздағы № 4-1308 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Рысмагамбетова Айна Акановнаға 6D060800-Экология              мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  03.02.2020