Агишев Алдияр Талгатович

«6D061100 – Физика және астрономия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Агишев Алдияр Талгатовичтің «Шаң-тозаңды жұлдыздар мен галактикалар жиындарының сипаттамаларының хаостық заңдылықтары» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Минглибаев Мухтар Джумабекович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы КазҰУ, механика кафедрасы, мамандығы 01.03.01;

Сомсиков Вячеслав Михайлович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «ҰҒЗТО» АҚ Ионосфера Институты ЕЖШС, мамандығы 01.04.03; 01.04.12.

Ғылыми кеңесшілері:

Жанабаев Зейнулла Жанабаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы КазҰУ, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан;

Эрнандо Кеведо – профессор, Мексика ұлттық автономды университеті, Мехико қ., Мексика.

Қорғау 2020 жылдың 21 ақпанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

 2020 жылғы 21 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 24 ақпандағы № 4-1060 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Агишев Алдияр Талгатовичке 6D061100 – Физика және астрономия    мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  20.01.2020