Алимжанова Айкерим Болатовна

«6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Алимжанова Айкерим Болатовнаның «Мультимедиалық журналистикадағы жаңа технологиялар: генезис, ерекшелік, эстетикалық қағидалар» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Шынгысова Назгуль Турсынбаевна – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.01.10;

Саудбаев Мадияр Құдайбергенұлы – С. Демирел университеті, әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, PhD, ассоц. профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 6D050400 – Журналистика.

Ғылыми кеңесшілері:

Исабек Нұрдаулет Еркінұлы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Еуразиялық және Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, Алматы қ., Қазақстан;

Авчар Закир – PhD доктор, Хажы Байрам Вели университеті, Коммуникация факультетінің профессоры, Анкара қ., Түркия.

Қорғау 2020 жылдың 19 ақпанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021400 – Әдебиеттану», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология» және «6D021000 – Шетел филологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, №312.

2020 жылғы 19 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 24 ақпандағы № 4-1060 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Алимжанова Айкерим Болатовнаға    6D050400-журналистика             мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  17.01.2020