Шалабаев Жандос Смагулович

6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D.) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Шалабаев Жандос Смагуловичтің «Қаттыфазалы және сұйықфазалы күкірттің нанобөлшектері мен композиттерін алу: қасиеттері мен қолданылу аймағын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Құдайбергенов Сарқыт Елекенович – химия ғылымдарының докторы, профессор, «Полимерлік материалдар және технологиялар» институтының директоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ инженерлік профиль зертханасының меңгерушісі.

Бакенов Жұмабай Бекболатович профессор, «National Laboratory Astana» энергетика және жаңа материалдарды зерттеу орталығы жеке мекемесінің директоры, «Аккумуляторлар институты» ЖШС президенті және оның негізін қалаушы.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бүркітбаев Мұхамбеткали Мырзабаевич – ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің бірінші проректоры, Қазақстан Республикасы.

2. Уракаев Фарит Хисамутдинович – химия ғылымдарының докторы, РҒА СБ В.С. Соболев атындағы геология және минералогия институтының жетекші ғылыми қызметкері, Новосибирск, Ресей.

3. Балаш Матей – Ph.D., Словак ғылым академиясына қарасты Геотехника институтының жетекші ғылыми қызметкері, Кошице, Словакия.

Қорғау 2019 жылы 26 желтоқсанда сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Қорғау тілі: ағылшын

2019 жылғы 26 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 қаңтардағы № 4-103 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Шалабаев Жандос Смагуловичке 6D072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы   мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

 Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  26.11.2019