Керимова Сания Макежановна

«6D020500 – Филология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Керимова Сания Макежановнаның «Мәдениаралық қатысымның лингвистикалық аспектілері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Рысалды Кусаин Тынысбаевич – Филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР білімді ақпараттандыру академиясының вице-президенті, ЖББ кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.20;

Киынова Жанар Кабдыляшымовна - Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.20.

Ғылыми кеңесшілері:

Смағұлова Күлдархан Нұрғазықызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Талант Мауқанұлы – PhD доктор, профессор, Вашингтон университеті, Сиетл қаласы, АҚШ.

Қорғау 2019 жылғы 04 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021400 – Әдебиеттану», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі және әдебиеті», «6D020500 – Филология», «6D021000 – Шетел филологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, №312 мәжіліс залы.

2019 жылғы 4 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 13 желтоқсанның № 4-6385 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Керимова Сания Макежановнаға 6D020500 – Филология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  01.11.2019