Иманбекова Альфия Амангельдиевна

«6D020800 – Археология және этнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Иманбекова Альфия Амангельдиевнаның «XVІІІ-ХX ғасырлардың басы аралығындағы қазақтың дәстүрлі теориялық мәселелері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Оразбаева Алтайы Иранбекқызы – тарих ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының профессоры, Нұр-Султан қаласы, Қазақстан, мамандығы 07.00.02; 07.00.09.

Орынбаева Гульмира Усенбаевна – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, мамандығы 07.00.02.

Ғылыми кеңесшілері:

Төлеубаев Әбдеш Ташкенович – тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Кендирбай Гульнар – PhD ассистент профессор, Колумбия университеті, Гарриман Институты, Нью-Йорк қ., АҚШ.

Қорғау 2019 жылғы 13 қыркүйек күні сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркология (тарих ғылымы)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби, 71, Тарих, археология және этнология факультеті, аудитория № 405.

2019 жылғы 14 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 26 қыркүйегіндегі № 4-5195 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Иманбекова Альфия Амангельдиевнаға 6D020800 – Археология және этнология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  09.08.2019