Замбарная Татьяна Сергеевна

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Замбарная Татьяна Сергеевнаның «Countable models of small dependent theories» («Кіші тәуелді теориялардың саналымды модельдері») тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: ағылшын.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Математика және математикалық моделдеу институтының бірлескен білім беру бағдарламасы шеңберінде орындалған.

Рецензенттер:

Судоплатов Сергей Владимирович – физика-математика ғылымдарының докторы, доцент, РҒА СБ С.Л. Соболев атындағы математика институтының бас ғылыми қызметкері, Новосибирск қ., Ресей Федерациясы, мамандығы 01.01.06;

Исахов Асылбек Абдиашимович – PhD докторы, математика және кибернетика орталығының меңгерушісі, Қазақстан-Британ техникалық университеттің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 6D060100- Математика.

Ғылыми кеңесшілері:

Байжанов Бектур Сембиұлы – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, математика және математикалық модельдеу институты, Алматы, Қазақстан;

Джон Болдуин (John Baldwin) – PhD докторы, Чикагодағы Иллинойс университетінің лайық профессоры, Америка Құрама Штаттары.

Қорғау 2019 жылғы 7 маусымында сағат 16:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

 

 

2019 жылғы 7 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 14 маусымдағы № 4-2986 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Замбарная Татьяна Сергеевнаға 6D060100 – Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  02.05.2019