Какимжанов Еркин Хамитович

«6D060900 – География» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Какимжанов Еркин Хамитовичтің «Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі агроландшафттардың геоақпараттық-картографиялық негізі» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Абдиманапов Бахадурхан Шарипович – география ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жаратылыстану және география институты география, экология және туризм кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы «25.00.36 – географиялық және геологиялық экология».

Абитбаева Айнагуль Дуйсеновна – география ғылымдарының кандидаты, ЖШС «География институты» геоморфология және геоақпараттық картография зертханасының жетекшісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы «25.00.23 – физикалық география және биогеография, топырақ географиясы және ландшафттар геохимиясы».

Ғылыми кеңесшілері:

Уваров Владимир Николаевич – география ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессор міндетін атқарушы, Алматы қаласы, Қазақстан;

Александр Дейнер – доктор PhD, Канзас университетінің ассоциацияланған профессоры, Канзас қ., АҚШ.

Қорғау 2018 жылдың 26 желтоқсанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060900 – География», «6D061000 – Гидрология», «6D060800 – Экология» (географиялық ғылымдар), «6D090200 – Туризм» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, география және табиғатты пайдалану факультеті, № 219 аудитория.

Басылым күні :  23.11.2018