Асанова Салтанат Сайлауовна

«6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Асанова Салтанат Сайлауовнаның «Қазіргі Қазақстандағы неопаганизм феномені (дінтанулық талдау)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Аташ Берік Мұратұлы – философия ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.13;

Ахмедов Кыдыр Рахимович - философия ғылымдарының кандидаты, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Тарих және дінтану» кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.13;

Ғылыми кеңесшілері:

Абжалов Султанмурат Утешұлы – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан;

Ташғын Ахмет – философия докторы, Н. Ербакан университетінің профессоры, Кония қ., Түркия.

Қорғау 2018 жылғы 15 желтоқсанда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи к., 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.

Басылым күні :  09.11.2018