Мурзалинов Данатбек Онгарбекович
«6D060400 – Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Мурзалинов Данатбек Онгарбековичтің «Кремнийдегі кремний нитриді қабаттары негізінде жарықталынушы құрылымдарды плазмалы-ассистенттік және ионды-сәулелік қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жалпы және теориялық физика кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Купчишин Анатолий Иванович - физика-математика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.07.
Яр-Мухамедова Гульмира Шарифовна – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.07.
Ғылыми кеңесшілері:
Ақылбеков Абдіраш Тасанұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ., Қазақстан.
Комаров Фадей Фадеевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Беларусь Ұлттық Академиясының корреспондент-мүшесі, Минск қ., Беларусь.
Қорғау 2018 жылы 2 шілдеде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 – Ядролық физика», «6D072300 – Техниқалық физика», «6D071900-Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар», «6D071000 - Материалтану и жаңа материалдар технологиясы», «6D061100- Физика және астрономия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.