Нысанбаева Салтанат Косшибаевна

6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Нысанбаева Салтанат Косшибаевнаның «Магнитті жұқақабықша материалдардың акустикалық зерттеулері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің жалпы және теориялық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Купчишин Анатолий Иванович – физика-математика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.07;

Яр-Мухамедова Гульмира Шарифовна – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.07;

Ғылыми кеңесшілері:

Омаров Серик Сатбекович техника ғылымдарының докторы, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Baishan Shadeke – PhD докторы, Синьцзян университетінің профессоры, Үрімші қ., ҚХР.

Қорғау 2018 жылғы 30 наурыз сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 – Ядролық физика», «6D072300 – Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Басылым күні :  28.02.2018