Ельбаева Зарина Уразбаевна

«6D010300- Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ельбаева Зарина Уразбаевнаның «Қазақстан және Оңтүстік Корея мемлекеттеріндегі мектептік саясаттың дамуы: салыстырмалы аспект» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Аганина Кундыз Жамиевна - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01.

Кульбекова Баян Рустембековна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доцент м.а., Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01.

Ғылыми кеңесшілер:

Мынбаева Айгерим Казиевна – педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

Namin Shin – PhD, Донгук университетінің профессоры, Сеул, Оңтүстік Корея.

Қорғау 2018 жылдың 15 ақпан күні, сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 - Саясаттану», «6D050100 - Әлеуметтану», «6D090500 - Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 - Психология», «6D010300 - Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, №123 мәжіліс залы.

Қорғау тілі: қазақ.

Басылым күні :  12.01.2018