Сатпаева Зайра Тулегеновна

«6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сатпаева Зайра Тулегеновнаның «Ғылымды қажетсінетін экономиканың құрылуында Қазақстанның инновациялық жүйесіндегі инфрақұрылымдық буындардың дамуы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация «Ғылым ордасы» кешені базасындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының бірлескен білім беру бағдарламасы аясында Экономика институтының аймақтық экономика және инновациялық даму бөлімінде орындалған.

Рецензенттер:

Рамазанов Алтай Абдрахманович – экономика ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, 08.00.01-08.05.05 мамандықтары;

Изеев Саян Нурмаханбетович - экономика ғылымдарының кандидаты, Каспий университеті «Экономика және басқару» жоғары мектебінің деканы, Алматы қ., Қазақстан, 08.00.05 мамандығы.

Ғылыми кеңесшілері:

Днишев Фархат Мусаевич – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;

Монтальбано Пьерлуиджи - PhD, Сапиенца Рим университетінің профессоры, Рим қ., Италия.

Қорғау 2017 жылғы 29 желтоқсанда сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050600 – Экономика», «6D051300 - Әлемдік экономика», «6D051700 - Инновациялық менеджмент», «6D090900 - Логистика» (сала бойынша) мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі, № 202 мәжіліс залы.

Басылым күні :  28.11.2017