Елибаева Назым Сайдильдаевна

6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Елибаева Назым Сайдильдаевнаның «Органикалық шикізаттардан биологиялық және беттік белсенді заттарды бөлу технологиясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы – химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, АҚ «А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары Институты», бас директордың орынбасары, мамандығы 02.00.03;

Алиев Нысанали Ужетбаевич – химия ғылымдарының докторы, профессор, АҚШ Нью-Йорк ҒА академигі, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ химия кафедрасының меңгерушісі, мамандығы 02.00.03, 02.00.06;

Ғылыми кеңесшілер:

1. Калугин Сергей Николаевич – химия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық университеті, органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасының доценті, мамандығы 02.00.03;

2. Peter Langer – PhD, Росток университеті, химия институтының профессоры, Росток, Германия.

Қорғау 2016 жылғы 29 желтоқсанда сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнай химиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Басылым күні :  28.11.2016