Сатыбалдиева Дария Нурбатыровна

«6D060700 – Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сатыбалдиева Дария Нурбатыровнаның «Crocus alatavicus эндемик түрінің фитохимиялық ерекшеліктерін зерттеу және оны in vitro клондау тәсілдерін өңдеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биотехнология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Лесова Жаниха Туреевна – биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы технологиялық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан, мамандығы 06.01.05;

Жумагелдинов Беккали Кусаинович – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Алматы қаласы, Қазақстан, мамандығы 06.01.05.

Ғылыми кеңесшілері:

Заядан Болатхан Қазыханұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қаласы, Қазақстан.

Рамазан Маммадов – биология ғылымдарының докторы, профессор, Памуккале Университеті, Денизли қаласы, Түркия.

Қорғау 2016 жылғы 28 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 – Биология», «6D070100 – Биотехнология», «6D061300 – Геоботаника» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, № 214 аудитория.

Басылым күні :  26.11.2016