Оспанов Мейрамбек Алипбекович

6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Оспанов Мейрамбек Алипбековичтің «Құрамында азоты бар гетероциклді синтездеудегі циклизациялаудың жаңа әдістері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Алиев Нысанали Ужетбаевич – химия ғылымдарының докторы, профессор, АҚШ Нью-Йорк ҒА академигі, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ химия кафедрасының меңгерушісі, мамандығы 02.00.03, 02.00.06;

Әкімбаева Назгуль Оразбайқызы – химия ғылымдарының кандидаты, доцент, АҚ «А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдарының институты» физиологиялық белсенді қосылыстар химия зертханасының ғылыми қызметкері, мамандығы 02.00.03.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Турмуханова Миргуль Журагатовна – химия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық университеті, органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасының доценті, мамандығы 02.00.03;

2. Peter Langer – PhD, Росток университеті, химия институтының профессоры, Росток, Германия.

Қорғау 2016 жылғы 28 желтоқсанда сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнай химиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Басылым күні :  26.11.2016