Байгараев Нурлан Алиевич

6D020900 – Шығыстану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Байгараев Нурлан Алиевичтің «Қазақ даласының әлеуметтік-мәдени және саяси даму үдерісіне жәдидшілдік идеясының ықпалы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Абдиров Мурат Жеткергенович – тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық Бизнес университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.02, диссертацияның зерттеу саласы бойынша ғылыми мақалалары бар;

Кульшанова Арман Айыпбековна - тарих ғылымдарының кандидаты, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.02, диссертацияның зерттеу саласы бойынша ғылыми мақалалары бар.

Ғылыми кеңесшілері:

Султангалиева Гульмира Салимжановна – Жалпы тарих, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Изабель Охайон - Әлеуметтік ғылымдар саласындағы озық зерттеулер мектебінің профессоры, PhD докторы, Париж қ., Франция.

Қорғау 2016 жылғы 23 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020200 – Халықаралық қатынастар», «6D020900 – Шығыстану (тарих ғылымдары)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95, Халықаралық қатынастар факультеті, аудитория №225.

Басылым күні :  21.11.2016