Сейтимова Гульназ Абсаттаровна
6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сейтимова Гульназ Абсаттаровнаның «Псаммопелитогалофиттердің кейбір түрлерінен фитопрепарат алу тәсілдері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Джиембаев Булат Жазкенович – химия ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, химия кафедрасының профессоры, мамандығы 02.00.03, 02.00.10;
Сулеймен Ерлан Мэлсулы – химия ғылымдарының кандидаты, PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, химия кафедрасының доценті, мамандығы 02.00.10.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Бурашева Гаухар Шахмановна – химия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық университеті, органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасының профессоры, мамандығы 02.00.10;
2. Muhammad Iqbal Choudhary – PhD, Карачи университеті, химия ғылыми-зерттеу институтының профессоры, Карачи, Пәкістан.
Қорғау 2016 жылғы 21 желтоқсанда сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнай химиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.
Қорғау тілі: қазақ