Әмірғалиева Айжан Мәжметқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D020900 – Шығыстану (тарих ғылымдары) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Әмірғалиева Айжан Мәжметқызының «Қазіргі Қытайдағы сыртқы саясат принциптерінің модернизациясы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
Алдабек Н.Ә. – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;
Эдвард Фридман - PhD докторы, Висконсин-Мэдисон университетінің профессоры, (Мэдисон қ. АҚШ).
Рецензенттер:
Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы – тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық Бизнес Университетінің профессоры, мамандығы «07.00.02 – отандық тарих − ҚР тарихы»;
Қаражанова Жанар Қуанышбайқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының 1-ші арнайы кафедрасының профессоры, доцент, мамандығы «07.00.15 – халықаралық қатынастар тарихы және сыртқы саясат».
Қорғау 2016 жылы 25 қарашада сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95, 218-ші аудитория.
Қорғау тілі – қазақша.