Чжан Сюйлян

6D073900 – «Мұнайхимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Чжан Сюйлянның "Биогаздың синтез-газға дейін каталитикалық конверсиясы" тақырыбында диссертация қорғауы өтеді. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында, Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институтының тотығу катализі зертханасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі - орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Анисимов Александр Владимирович – химия ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультеті мұнай химиясы және органикалық катализ кафедрасының профессоры, Мәскеу қ., Ресей;

2. Садыков Владислав Александрович – химия ғылымдарының докторы, профессор, РҒА СБ Г.К. Боресков атындағы Катализ институтының жетекші ғылыми қызметкері, Новосибирск қ., Ресей.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Байжұманова Толқын Сапарбекқызы - химия ғылымдарының кандидаты,   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2. Мурзин Дмитрий Юрьевич - химия ғылымдарының докторы, Або Академия университетінің профессоры, Турку қ., Финляндия.

Уақытша тағайындалған кеңес мүшелері:

1. Кетегенов Тлек Айтмуханович, х.ғ.д., профессор,  Жану мәселелері институтының директоры, Алматы қ., Қазақстан; 

2. Байкенов Мырзабек Исполович, х.ғ.д., профессор,    Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ химиялық технология және мұнайхимия кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан;

3. Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы, х.ғ.к, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда  университетінің профессоры, Қызылорда қ., Қазақстан;

4. Губанов Михаил Александрович, х.ғ.д., РҒА А.В. Топчиев атындағы Мұнайхимия синтезі институтының профессоры, Мәскеу қ., Ресей.

Қорғау 2021 жылғы 03 қарашада сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600, 8D05301 - Химия, 6D73900, 8D07101 - Мұнайхимия, 6D073400, 8D07103 - Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы, 6D072000, 8D07104 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және 6D072100, 8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарының тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн режимде өтеді.

Конференцияға zoom сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/81740504965?pwd=N3MwdDN3VUgyU3R3OFd4dUlVMGNnQT09

Конференция идентификаторы: 817 4050 4965

Қатысу коды: 020690

Сайт: www.kaznu.kz;

e-mail: sagdat.tazhibaeva@kaznu.kz

Жергілікті Этикалық комиссиясының қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Басылым күні :  01.10.2021