II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМ

20.02.2023

Көрулер: 2050

 

 

 

 

 

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМ

4-12 сәуір 2023 жыл

 

Құрметті әріптестер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық ұйымдармен, орталықтармен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, жетекші ғылыми орталықтармен бірлесіп II Халықаралық Фараби Форум өткізеді (2023 жылдың 4-12 сәуірі).

II Халықаралық Фараби Форум аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді. 

 

 

4 -5 сәуір 2023 ж.

«Тіл философиясы және Әбу Наср әл-Фарабидің тілі»,

әл-Фараби орталығының 30 жылдығына арналған

Халықаралық Фараби Форум

 

Форум жұмыстарының бағыттары: 

v Тіл философиясы және мәдениетаралық коммуникацияның ерекшеліктері;

v Әбу Насыр әл-Фараби философиясының тілі: ортағасырлық мәтіндерді аудару ерекшеліктері;

v Аударманың лингвомәдени мәселелері;

v Қасиетті мәтіндер тілі: теолингвистиканың әлеуметтік-мәдени аспектілері .

v Қазіргі ғылымдағы түпнұсқа және аударма тілінің лингвистикалық тезаурусы.

Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы (4-этаж, конференция залы)

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Философия және саясаттану факультеті. Жауапты: Мейірбаев Б.Б., тел. 8(727)377-33-33,        87012721704. e-mail. Bekshan.Meirbaev@kaznu.kz

 

 

 

5 сәуір 2023 ж.

Дөңгелек үстел «Шығыстанудың өзекті мәселелері»

 

Дөңгелек үстел бағдарламасы келесі бағыттар бойынша диалог пен талқылауды қарастырады:

v Қазіргі геосаяси жағдайдағы Шығыс елдері;

v Лингистика саласындағы жаңа бағыттар және Шығыс тілдері;

v Қазақстан Республикасы мен Шығыс елдері арасындағы қарым-қатынастардың даму болашағы.

Өткізілетін орны:. Шығыстану факультеті.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Жауапты: Джакубаева С.Т., тел: 8 (747)708 40 60.             e-mail.saltanat.dzhakubayeva@kaznu.edu.kz  

 

 

6-7 сәуір 2023 ж.

«Қазақстандағы халықаралық қатынастардың мәселелері: дамуы мен болашағы»

I Халықаралық қатынастар форумы.

 

Форум жұмыстарының бағыттары:

v Ғылыми дипломатия және халықаралық қатынастар мәселелері;

v Қазақстан Республикасында халықаралық-құқық ғылымының даму мәселелері мен перспективалары;

v Дүниежүзілік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар: қазіргі жағдайы, мәселелері және негізгі даму тенденциялары;

v Сыртқы саясаттың өзекті мәселелері және халықаралық қатынастар: білім беру бағдарламаларының әдістемесі;

v Аудармашы мәдениетаралық коммуникациядағы медиатор ретінде / халықаралық қатынастарды орнатудағы аудармашының рөлі;

v Дөңгелек үстел - "Халықаралық құқық" ББ бойынша кадрлар даярлауды жетілдірудің әдістемелік мәселелері.

Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әл-Фараби Ғылыми кітапханасында № 416, 409 конференц-зал.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Халықаралық қатынастар факультеті. Жауапты: Жекенов Д.К., тел: +7 707 830 7457, e-mail. duman.zhekenov@kaznu.edu.kz  

 

 

6-8 сәуір 2023 ж.

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың

халықаралық ғылыми конференциясы

 

Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттері.

Ұйымдастырушы: Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент. тел. 8 (727) 221-16-62 

2023 жылдың 10-ші сәуірі күні студенттер мен жас ғалымдарды түрлі номинациялар бойынша марапаттау өтеді, сондай-ақ 2023 жылдың 12-ші сәуірі күні ІI Халықаралық Фараби Форумның салтанатты жабылуы рәсімі өтеді. Жабылу салтанаты аясында студенттік бизнес инкубаторлардың инновациялық жобаларының байқауы, және «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» атты байқау бойынша марапаттау өтеді.    

II Халықаралық Фараби Форум аясында өткізілетін іс-шараларлар жайлы толық ақпаратты ұйымдастырушы-факультеттердің ақпараттық хаттарынан алуға болады.

Халықаралық Фараби Форумды ұйымдастырушылардың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент.

Жауапты:Абдреш А.Ғ., тел.16-62, e-mail.Abdresh.Akziya@kaznu.kz    

 

 

 

 

11-12 сәуір 2023 ж.

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: қиындықтар, салдарлар, мүмкіндіктер»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

Конференция жұмыстарының бағыттары: 

v Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар: азық-түлік қауіпсіздігі, цифрландыру және Жаңа Қазақстанның инклюзивті дамуы;

v Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қаржы-есеп жүйесін цифрлық трансформациялау;

v Жаһандық турбуленттіліктегі басқарудың жаңа тенденциялары;

v Тұрақты даму контекстіндегі бизнес-технологияларды трансформациялау: мүмкіндіктер мен перспективалар.

 

Өткізілетін орны: Әл-Фараби ғылыми кітапханасы №416, Экономика және бизнес жоғары мектебі.

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі. Жауапты: Жидебекқызы А., тел. 8(776)007-20-77.

e-mail. aknur.zhidebekkyzy@kaznu.edu.kz

 

 

 

12 сәуір 2023 ж.

Дөңгелек үстел «Мұсылмандық Мысыр билеушісі: қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның заманы»

 

Дөңгелек үстел бағдарламасы келесі бағыттар бойынша диалог пен талқылауды қарастырады:

v Сұлтан Бейбарыс – түркі әлеміне ортақ тұлға;

v Сұлтан Бейбарыстың сыртқы саясатының басымды бағыттары, және халықаралық қатынастардың ерекшелігі;

v Бейбарыстың Алтын Ордамен, крестшілердің мемлекетімен, монғолдармен байланысы;

v Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен қызметіне қатысты шығыс және батыс деректері мен зерттеу еңбектері;

Өткізілетін орны: Әл-Фараби ғылыми кітапханасы, «Ақ зал».

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы. Жауапты: Суйнова А.Т., 8 (727)377-33-3;Моб. 8747 243 2203, e-mail. suinova.a0808@gmail.com