Стандартизация және Метрология

Стандартизация және Метрология

Қазақстанның халықаралық сауда жүйесіне бірігуінің негізгі жолы стандарттар, метрология және сертификация аймағында бірыңғай талаптар орнататын стандартизация мен метрология болып табылады. Бұл үш компонент бір бірімен тығыз байланысты және бірге дамитын сапаның бірыңғай техникалық инфрақұрылысын құрайды. Тек сонда ғана өнімнің сапасы жайында айтуға болады.

Алайда, сынау, өлшеу немесе ғылыми зерттеу бағыттарында тұтынушы талаптарына сай зертхана мүмкіншіліктерін мойындау үшін зертханалар аккредитациядан өтулері қажет.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ЖШС «Ұлттық аккредитациялау орталығы» аккредитация жүйесі бойынша «Сынамалық және калибрлік зертханалар құзыреттіліктеріне қойылатын жалпы талаптарға» ҚР СТ ХСО/ХЭК 17025-2007 сай аккредитациядан өткен университет зертханаларының тізімі:

1. Ашық типті ұлттық нанотехнологиялық зертхана №KZ.И.02.1371 14-наурыз 2013 жыл;

2. Инженерлік бағыттағы зертхана №KZ.И.02.1383 2-мамыр 2013 жыл;

3. «Физикалық-химиялық зерттеулер және талдау орталығы» ШЖҚ ЕММ Сынақ орталығы №KZ.И.02.0817 15-қыркүйек 2014 жыл;

4. «Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ҒЗИ» ШЖҚ ЕММ «Жанғыш қазбалар мен олардың өңделген өнімдерін зерттеу және кешендік талдау жасау» ЕММ сынақ зертханасы №KZ.И.02.1572 3-ақпан 2015 жыл;

5. Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының «Электротехникалық өнімдердің сапасын бақылау және сынақ зертханасы» №KZ.И.02.0801 15-қыркүйек 2015 жыл;

6.  «Экологиялық мәселелер ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ ЕММ «Экологиялық сараптама және мониторинг» сынақ зертханасы №KZ.И.02.1712 10-наурыз 2016 жыл.

7.  «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ ЕММ «Механика материалдары мен үдерістерін зерттеу» сынақ зертханасы №KZ.И.02.1712 5-сәуір 2016 жыл;

8. Химия және химиялық технологиялар факультетінің «Агрохимия және өнеркәсіпке арналған химиялық заттар өндіру зертханасы» өлшеу жағдайын бағалау туралы куәлік №70/16 28-желтоқсан 2016 жыл;

9. «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ ЕММ «Компьютерлік ғылымдар» сынақ зертханасы  №KZ.И.02.2103 7-тамыз 2018 жыл;

10. «Ғылыми-технологиялық парк» ШЖҚ РМК «Маслотест» сынақ зертханасы №KZ.И.02.2220 7-маусым 2019 жыл.