Ғылым саласындағы жетістіктер

Ғылыми зерттеулерді орындау

2022 жылы университет ғалымдарымен 305 ғылыми жобалар іске асырылды, соның ішінде:

  • 27 жоба ҚР БҒМ  2020-2022 жж. жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша;
  • 38 жоба ҚР БҒМ 2020-2022 жж. арналған гранттық қаржыландыру 27 ай мерзім аралығы бойынша;
  • 30 жоба ҚР БҒМ 2021-2023 жж. жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша;
  • 49 жоба ҚР БҒМ 201-2023 жж. арналған гранттық қаржыландыру 36 ай мерзім аралығы бойынша;
  • 1 жоба ҚР БҒМ 2021-2023 жж. бағдарлама-нысаналық қаржыландыру бойынша;
  • 1 жоба ҚР инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібінің Цифырлық даму Министрлігінің 2020-2022 жж. арналған гранттық қаржыландыру бойынша;
  • 7 жоба ҚР БҒМ 2022-2024 жж. жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландуры бойынша;
  • 47 жоба ҚР ҒЖБ 2022-2024 жж. ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру 30 ай мерзім аралығы бойынша;
  • 49 жоба ҚР ҒЖБ 2022-2024 жж. жас ғалымдарға арналған "Жас Ғалым" гранттық қаржыландыру бойнша;
  • 1 жоба "Ғылым қоры";
  • 13 ұйымдар және  кәсіпорындармен шаруашылық келісім-шарт аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • 42 бірлескен халықаралық жоба.

Халықаралық гранттар, тағылымдамалар

2022 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары 189 халықаралық қорлар мен ұйымдар грантын иемденді. Соның ішінде бірлескен халықаралық жобалар  саны – 42, оның 24 – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша, 18 – жаратылыстану мен техникалық ғылымдар саласы бойынша. 

2022 ж. бойынша университет оқытушылары мен ғалымдары 27 грант ұтып алып, 105 адам алыс және жақын шетелдік жетекші университеттер мен ғылыми мекемелерде біліктіліктерін арттырды. Ғылыми тағылымдамалар шетелдік ұйымдар мен қорлардың қаржылық қолдау көрсетулерімен, сондай-ақ ҚР БҒМ гранттық жобаралды іске асыру аясында өткізіледі. Тағылымдамадан өтетін елдердің ауқымы жылдан-жылға кеңейтілуде – Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Туркия, Корея, Қытай, Жапония, Польша, Австрия және т.б.