Инновациялық қызмет

Инновациялық қызмет

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – республиканың басқа жоғарғы оқу орындарында кездеспейтін, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы бар зияткерлік корпорация.Университетте ҒЗТҚЖ нәтижелерін нақты экономикалық секторға айырбастауға арналған «жоспар құрудан бастап оны коммерциализациялауға дейінгі» технологиялық дәліз жұмыс істейді.

ҚазҰУ базасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қаланың, аймақтың, мемлекеттің инновациялық жүйесінің жетекшісі болатындай, ғылымды қажет ететін кәсіпорындар ашылуын қамтамассыз ететін және ғаламдық экономика білімі шартында бәсекеге қабілетті шешімдер шығаруға арналған Ғылыми-білім және инновациялық кластер (ҒБИК) құрылған.

Университетте Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің қолдауымен өндірісті басқарудың тиімді әдістерін енгізу, отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестігін арттыру мақсатында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы аясында Инновациялық кластерді құру жобасы жалғасуда. Институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үштік теория шиыршығы – мемлекет, университет және бизнес серіктестіктері негізінде жүзеге асырылған медико-биологиялық кластер құру жұмыстары жүргізілуде.

Университетпен «Жоғары технологиялық өнімдерді құру және реализациялау, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау үшін инновациялық платформа құрастыру» бағдарламасы жасалды. Бағдарлама аясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев бастамасымен Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында ғылыми-техникалық серіктестікті дамыту мақсатында университеттің ғылыми-инновациялық потенциалын тиімді пайдалануға, ірі компаниялардың тапсырыстары бойынша инновациялық жобаларды іске асыруға, ғалымдардың өнертабыстарын өндіріске енгізу және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда қажетті платформаны құруға септігін тигізетін «Silicon Valley» үлгісімен «Жаңа Жібек жолы Университеттер Альянсы» халықаралық IT-технопаркін ашу жоспарлануда.