AҚПАРАТТЫҚ ХАТ

06.02.2023

Көрулер: 1215

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Шет Тілдер кафедрасы

 

Aқпараттық хат

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология факультетінің «Шет тілдер» кафедрасы ұйымдастыратын «Globally Interconnected: New Opportunities and Challenges for Sustainable Development» атты IV халықаралық ғылыми және оқу әдістемелік конференция жұмысына қатысуға магистранттарды, жас ғалымдарды, докторанттарды, зерттеушілерді және ғылыми қызметкерлерді шақырамыз.

 

Конференцияның мақсаты – жас зерттеушілерге заманауи ғалымға қажетті дағдыларды қалыптастыруға, соның ішінде өз зерттеулерін ұсынуға, пікірлерімен, көзқарастарымен, ойларымен бөлісуге, өздерін қолдайтын және ынтымақты ортада кері байланыс алуға мүмкіндік беру.

 

Конференция 2023 жылдың 16 наурызында сағат 10.00-де Астана уақытымен онлайн форматта «ZOOM» платформасы арқылы өтеді. Барлық конференцияға қатысуға өтініш білдірушілерге сілтеме қосымша жіберіледі.

Конференцияға қатысу өтінішін және мақаланың толық мәтінін тапсыру мерзімі – 2023 жылдың 8 наурызына дейін (өтініш формасы 1 қосымшада, мақалаға қойылатын талаптар 2 қосымшада) Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі қажет:

ü kafedra.section1.kiya@mail.ru,

ü kafedra.section2.kiya@mail.ru,

ü kafedra.section3.kiya@mail.ru

•  Конференцияға мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде қабылданады;

•  Электрондық *pdf форматындағы материалдар жинағы шығарылады;

•  Конференцияға баяндама жасап қатысқандарға *pdf форматында сертификат беріледі;

 

Конференция бағыттары:

Секция 1: Физика-техникалық ғылымдар және технологиялар: физика, математика, механика, ақпараттық технологиялар.

Секция 2: Жаратылыстану ғылымдары: химия, биология, медицина.

Секция 3: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: филология және лингвистика, тарих, археология, этнология, заң, экономика ғылымдары, философия, дінтану, туризм.

 

Негізгі спикерлер:

  1. Куршат Джесур, Ағылшын тілін оқыту кафедрасының доценті, Чанаккале Онсекиз Март Университеті, Түркия.

 

Мақаланы ресімдеу тәртібі (2- қосымшада үлгісі берілген)

Баяндама мәтіні (тезис) 2-3 бетке дейін Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman шрифтімен өлшемі (кегль) – 12, жоларалық интервал – 1, А4 форматы, жол жиектері: сол, оң үстіңгі және астыңғы – 2 см; Беттер номірленбейді; Бастапқы беттің сол жағында ӘӨК индексі жазылады.

Бір жол төмен автордың (авторлардың) аты жөні жазылады. Сондай-ақ жол үсті жұлдызшасын * қою арқылы беттің төмен жағында ғылыми дәрежесі, лауазымы, ЖОО/мекеме атауы, қаласы, e-mail көрсетілген сілтеме берілуі қажет (авторлар саны екі немесе үшеу болған жағдайда сәйкесінше екі ** не үш *** жұлдызша қойылады);

Жолдың ортасында бас қаріптермен қалың шрифтімен баяндама тақырыбы жазылады.

Бір интервалдан кейін азат жолдан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аңдатпа (10-15) сөзден тұратын бір абзацпен рәсімделеді. Аңдатпада дәйек сөздер және қысқарған атаулар жазылмайды, қысқа түрде мақала мазмұны ашылады. (Times New Roman курсив,кегль-12). Келесі жолда азат жолдан түйін сөздер (5-8 сөз) жазылады. Қазақша түйін сөздер қазақша аңдатпадан кейін, орысша түйін сөздер орысша андатпадан кейін, ал ағылшынша түйін сөздер ағылшынша андатпадан кейін болуы шарт.

Мақала мәтіні бір интервалдан кейін азат жолдан басталады. Негізгі мәтін ішінде әдебиеттерге сілтеме тік жақша арқылы беріледі [ ]: қазақша [1, 18 б.], орысша [1, c.18], ағылшынша [1, p.18];

Мақала сонында пайдаланылған әдебиеттер тізімі пайдаланылу реті бойынша беріледі;

Суреттер jpg немесе gif форматында болу керек (сурет атауы бір жолдан кейін бет ортасында жазылады: 1 сурет Атауы);

Кесте атауы мәтіннен кейін бір жол төмен кестенің үстінгі жағында жазылады.

Конференцияға қатысу ақылы 3000 теңге, төлем (87028201635 Әлия Ж) каспий номеріне төлеу арқылы жүзеге асырылады. Қатысушының аты-жөні және файл атауы көрсетілген материалдар, түбіртектің электрондық көшірмесі өз секцияңыз бойынша конференция ғылыми хатшысы мекен жайына жіберілуі керек:

ü kafedra.section1.kiya@mail.ru (1 секция),

ü kafedra.section2.kiya@mail.ru (2 секция),

ü kafedra.section3.kiya@mail.ru (3 секция).

 

Конференция қатысушысы міндетті түрде – аты-жөнін, секция нөмірі және мақаланың атауын (ҮЛГІ – Абаева Г.М._3_ Виртуалды тілдік тұлға субъектісі ретінде лингвистикалық зерттеу) жазып жіберуі тиіс.

            Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегі телефондар арқылы хабарласа аласыздар:

ü +7 7013915182 Гаийпова Гулипа Абдырайимовна (1 – секция )

ü +7 7015127774 Уразгалиева Светлана Аманжоловна (2 секция)

ü +7 7013364017 Тектибаева Диана Джумабаевна (3 – секция)

 

Қосымша 1

 

«Globally Interconnected: New Opportunities and Challenges for sustainable development» атты

IV халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференцияға

 

Өтініш

 

Баяндамашының (қатысушының) аты-жөні

 

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі

 

Жұмыс орны, лауазымы

 

Қала, мемлекет

 

Секция атауы

 

Баяндама тақырыбы

 

Баяндама жасау формасы (онлайн)

 

Байланыс телефоны

 

E-mail

 

 

 

Қосымша 2

 

Мақаланы ресімдеу тәртібі

 

 

 

ӘӨЖ 246.325

 

Абаева Г.М. *

 

Виртуалды тілдік тұлға лингвистикалық зерттеу пәні ретінде

 

Андатпа (Курсив Times New Roman, кегль-12).

Кілт сөздер: (5-8 сөз)

Аннотация

Ключевые слова: (5-8 слов)

Abstract

Key words: (5-8 words)

 

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Aliquam malesuada bibendum arcu vitae elementum curabitur vitae nunc sed. Magna etiam tempor orci eu. Diam maecenas ultricies mi eget mauris. Massa tincidunt nunc pulvinar sapien et ligula ullamcorper malesuada proin. Purus sit amet luctus venenatis lectus magna fringilla. Quam quisque id diam vel quam elementum pulvinar etiam non. Eget gravida cum sociis natoque penatibus et. Vel facilisis volutpat est velit egestas dui id ornare arcu. Sit amet aliquam id diam maecenas. Felis bibendum ut tristique et egestas quis ipsum suspendisse. Ipsum dolor sit amet consectetur. Blandit turpis cursus in hac. Tellus rutrum tellus pellentesque eu tincidunt tortor aliquam. Morbi tincidunt augue interdum velit euismod in. Cursus sit amet dictum sit amet justo. Pretium nibh ipsum consequat nisl. Scelerisque mauris pellentesque pulvinar pellentesque habitant morbi tristique. Sem integer vitae justo eget magna. [1, 18 б.]

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

 



*филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 2-ші курс докторанты, ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан e-mail: abaygm@mail.ru