«ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының X Республикалық конференциясы

02.02.2023

Көрулер: 1862

«ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ»

мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының

X Республикалық конференциясы

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және әл-Фараби атындығы ҚазҰУ Бейіндік мектебінің 10 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының X Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференцияда ғылыми жұмыстар мен баяндамалар ретінде теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстар, сондай-ақ ғылыми өнертабыстар ұсынылады.

Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында 2023 жылы 18 ақпан сағат 9:00.

Конференцияға 9-11 сынып оқушылары жеке де, шығармашылық топтардың құрамында да (2 адамнан артық емес) қатыса алады.

Қатысу тегін.

Конференцияға қатысушылар бірнеше секциялар (бағыттар) бойынша ғылыми жұмыстар мен жобаларды ұсынады:

жаратылыстану-математикалық цикл:

1) физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым

2) математика, қолданбалы математика, информатика

3) химия және химиялық технологиялар, материалтану

4) биология, медицина

5) география, өлкетану, экология

гуманитарлық цикл:

6) тарих, қоғамтану, археология, этномәдениеттану, құқықтану

7) қазақ филологиясы (қазақ тілі, қазақ әдебиеті),

8) орыс филологиясы (орыс тілі, орыс әдебиеті),

9) шет ел филологиясы

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысу үшін өтініштер 10 ақпан 2023 ж. дейін қабылданады.

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебі

Толық ақпаратты келесі номерлерден анықтай аласыз:          

8-707-889-69-70 (Искаков Б.А.)

8-776-880-87-91     (Назарова Ж.М.)