«ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналы «2022 жыл үздіктерін» анықтады

27.12.2022

Көрулер: 1567

«ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналы «2022 жыл үздіктерін» анықтады

 

2022 жылдың 23 желтоқсанында Халықаралық қатынастар факультетінде «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналының үздік ғылыми мақаласы – 2022» байқауы өз мәресіне жетіп, байқаудың жеңімпаздары мен номинанттарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Бұл байқау факультеттің ғылыми қызметін одан ары дамыту және университеттің маңызды стратегиялық міндеттерін шешу, ғылыми жарияланымдардың деңгейі мен сапасын арттыру, сондай-ақ ғылыми мақалалардың халықаралық деңгейдегі деректер базасындағы сілтемелік санын арттыру арқылы журналдың танымалдылығын арттыру, әрі зерттеуші ғалымдарды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау комиссиясы "ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы" журналында 2019, 2020, 2021 жылдар кезеңінде жарияланған авторлардың мақалаларын қарастырды.

Ал, жеңімпаздар мен номинанттар келесі критерийлер бойынша анықталды:

- ResearchGate деректер базасындағы мақаланың көрілім немесе оқылым саны;

- ResearchGate деректер базасындағы мақаланың сілтемелері саны;

- GoogleScholar деректер базасындағы мақаланың сілетемелері саны;

- Scopus деректер базасындағы мақаланың сілтемелері саны;

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша марапатталды:

– «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы ҚазҰУ авторының(-ларының) ең үздік мақаласы» номинациясы мен 75,000 теңгелік жүлдені "Иранның Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері" мақаласының авторлары АбдаллаМохд Дьяб Әл-Нумат, С. Т. Джакубаева, Д. К. Жекенов, А. А. Әзімов жеңіп алды.

- «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы отандық ЖОО авторының(-ларының) ең үздік мақаласы» номинациясы мен 50,000 теңгелік жүлдені "ЕО мен ЕАЭО-ның энергетика саласындағы өзара іс-қимыл және өзара тәуелділік мәселелері" атты мақаланың авторлары – М.С. Сарыбаев (Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ), Д. Малбаков (халықаралық ақпараттық технологиялар университеті) жеңіп алды.

Ал, «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы шетелдік автордың(-ларының) ең үздік мақаласы» номинациясы мен 50,000 теңгелік жүлде –"Байденнің ақ үйі және Орталық Азиядағы жаңа сыртқы саясат" мақаласының авторалы Мендис П. (Чжэнчжи ұлттық университеті, Тайвань) және С. Оралбаевтың (Ухань университеті, ҚХР) қанжығасына бұйырды.

- Сондай-ақ, әр номинация бойынша 3 авторлардан (барлығы 9) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің ынталандыру дипломдарымен марапатталды.

Ынталандыру грамоталары келесі авторларға табысталды:

«ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы ҚазҰУ авторының(-ларының) ең үздік мақаласы» номинациясы шеңберінде:

- А. Ермекбаев, А. Хайрулдаева, Ж. Медетханов – "Қара теңіз аймағындағы Ресейдің геосаясаты" мақаласы үшін;

- Г. С. Байкушикова, Р. Е. Уткелбай, Ху Хайсин – "Әлемдік сауда соғыстарының эволюциясы: тарихи аспект" мақаласы үшін;

- Д. К. Жекенов, Ху Хайсин, Ф. Оразақынқызы – «Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты іскерлік қатынастардың кейбір күрделілігі» мақаласы үшін тиісті грамоталарға ие болды.

- «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы отандық ЖОО авторының(-ларының) ең үздік мақаласы» номинациясы шеңберінде:

- Т. А. Камалджанова (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) – «Дамушы әлемде кедейлікті түсінуде өмір сүруге арналған тұрақты қаржы көздерін талдаудың үлесі» мақаласы үшін;

- С. Нұрдәулетова, Ж. Жармаханова (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) – «ЕО-ның Орталық Азия үшін жаңа стратегиясы шеңберінде ОА үшін су-энергетикалық бағдарламаның іске асырылуын талдау» мақаласы үшін;

- Б. Бақтыбекова (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті), Б.Батырхан (Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты) – «Жұмсақ күш контекстіндегі цифрлық дипломатия (Франция мен Қытай мысалында)» мақаласы үшін өздеріне тиесілі мақтау грамоталарына ие болды.

«ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы шетелдік автордың(-ларының) ең үздік мақаласы» номинациясы бойынша:

- Эрикс Варпаховскис (ЭЖМ, Ресей Федерациясы) – «Жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) жұмсақ күш пен қоғамдық дипломатияның құралы ретінде» мақаласы үшін;

- Берни Себ (Бирмингем университеті, Ұлыбритания) – «Брексит және империя: «жаһандық Ұлыбритания» үшін аргументтердегі отарлық ностальгияның рөлі» мақаласы үшін

- Грегори Глисон (Джордж Маршалл атындағы еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығы, Германия) – «Салыстырмалы сыртқы саясат принциптері» мақаласы үшін ынталандыру грамоталарымен марапатталды.

Жеңімпаздарады марапаттау рәсіміне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мақалаларының авторлары, басқа Республикалық жоғары оқу орындарының мақалаларының авторлары, шетелдік авторлары онлайн-оффлайн форматында қатысты.

Барлық жеңімпаздар мен номинанттар конкурсты ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді және бұл «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналында жарияланған мақалаларды одан әрі ілгерілетуге үлкен ынталандыру екенін атап өтті.

Өз кезегінде Халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастырушылары, оның ішінде журналдың редакциялық алқасы бұл байқаудың жыл сайынғы дәстүрге айналатынын атап өтті.