«ҚАЗҰУ ХАБАРШЫСЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СЕРИЯСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫ – 2022» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

21.12.2022

Көрулер: 1525

«ҚАЗҰУ ХАБАРШЫСЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СЕРИЯСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫ – 2022» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Халықаралық қатынастар факультеті ғылыми қызметті дамыту және университеттің стратегиялық міндеттерін орындау шеңберінде ғалым-зерттеушілерді ынталандыру, ғылыми жарияланымдардың деңгейі мен сапасын арттыру, сондай-ақ, ғылыми мақалаларға дәйексөздер санын арттыру мақсатында «ҚАЗҰУ ХАБАРШЫСЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СЕРИЯСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫ – 2022» байқауын өткізеді.

2022 жылғы 22 желтоқсанында «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы ҚазҰУ авторының(-ларының) ең үздік мақаласы», «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы отандық ЖОО авторының(-ларының) ең үздік мақаласы», «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы шетелдік автордың(-ларының) ең үздік мақаласы» номинацияларының жеңімпаздарын анықтау мақсатында арнайы құрылған байқау комиссиясының қорытынды отырысы өтеді. Ал, 23 желтоқсанда 2022 жылғы 23 желтоқсанда жеңімпаздар мен номинанттарды марапаттау рәсімін өткізу жоспарланған.

Байқау комиссиясы «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналында 2019, 2020, 2021 жылдарда жарияланған ғылыми мақалаларды қарастырады.

Байқау комиссиясының бағалау критерийлері төмендегіше:

-         Researchgate деректер базасындағы мақала көрілімі саны;

-         Researchgate деректер базасындағы мақаланың сілтемесі(citation) саны

-         GoogleScholar деректер базасындағы мақаланың сілтемесі (citation) саны

-         SCOPUS деректер базасындағы мақаланың сілтемесі (citation) саны

 

Байқау жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша марапатталады:

 

-         «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы ҚазҰУ авторының(-ларының) ең үздік мақаласы номинациясы – 75,000 теңгемен;

-         «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы отандық ЖОО авторының(-ларының) ең үздік мақаласы» номинациясы – 50,000 теңгемен;

-         «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы шетелдік автордың(-ларының) ең үздік мақаласы» номинациясы – 50,000 теңге марапат беріледі.

Сонымен қатар, әр номинация бойынша 3 автор (барлығы 9) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мақтау дипломдарымен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ интернет ресурстары мен халықаралық қатынастар факультетінің ресми интернет сайтында жарияланатын болады.

Барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша Парпиев Сырым Маратұлына хабарласыңыз: Электрондық пошта: syrym.parpiyev@kaznu.kz, Тел: +7 707 748 0126