ҚазҰУ ректоры Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

01.03.2023

Көрулер: 4089

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Еуразиялық университеттер қауымдастығының ⅩⅤ съезіне қатысу үшін Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.

Университет басшысы іссапардың алғашқы күні ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев бастаған делегация құрамында РФ Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевскиймен кездесті. Жүздесуде тараптар білім және ғылым саласын дамытудың өзекті бағыттарын талқылады. 

 

Сонан соң Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесіп, пікір алмасты.

Сондай-ақ ректор сапар аясында ертең Еуразиялық университеттер қауымдастығы Кеңесінің отырысына және ⅩⅤ съезд ашылуына қатысып, жетекші оқу орнының бүгінгі жетістіктерімен бөліседі. Сонымен қатар шара барысында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарланған.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі