М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған университетаралық оқырмандар конференциясы

2021 жыл 5 наурыз, 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің "Көкжиек" ғылыми-шығармашылық клубы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған университетаралық оқырмандар конференциясы өтеді.
Конференцияда белгілі жазушы Роза Мұқанованың "Мұқағали" әңгімесі талданады.
Әдеби жиын қонағы - жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова.

Конференция "30 жыл - 30 кітап" жобасы аясында өтеді.

Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының студенттері қатысады.

Конференция индентификаторы: 819 1628 7959
Құпия сөз: 428986

Басылым күні :  05.03.2021