Dauletten ҚазҰУ-да көшбасшылық дәріс оқыды

14.02.2023

Көрулер: 5658

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде танымал блогер, қоғам белсендісі, тележүргізуші, экономист Мұқаев Дәулет «Әрекетке берекет: оқыған озады» атты тақырыпта көшбасшылық дәріс оқыды. 

ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебін 2013 жылы бітірген Дәулет Төлеутайұлы өзінің «Dauletten» блогында баспаналы болудың жолдары туралы пайдалы кеңестерімен, қажетті ақпараттармен бөліседі. 
 

Бұған дейін ҚазҰУ мен «Dauletten» қайырымдылық қорының арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі мотивациялық кездесу осы іскерлік қарым-қатынастың жалғасы.

Ақпарат және коммуникациялар департаменті мен Экономика және бизнес жоғары мектебі бірлесіп ұйымдастырған көшбасшылық дәріске 500-ге жуық ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары қатысты. Кездесу барысында блогер заманауи еңбек нарығындағы жағдай, білім мен ғылымның өзектілігі, жетістікке жету үшін қажетті дағдылар мен құзыреттіліктер туралы өз тәжірибесімен бөлісті. 

 

Бүгінге дейін Дәулет Төлеутайұлының  қолдауымен елімізде 57 отбасы баспаналы болып, «Баспанаға бағыт»«Бизнеске бағыт», «Бала-шағамен – Солтүстікке» атты авторлық жобаларыжүзеге асырылуда 

 

Одан бөлек, балаларды еңбекқорлыққа, ұлттық тәрбиеге және қамқорлыққа үйрету мақсатында «Dauletten» қайырымдылық қорының бастамасымен «D AGENT» анимациялық сериясы мультфильмі жарыққа шықты.


Көшбасшылық дәріс соңында белгілі блогерөзінің «Бизнеске бағыт-2» кітабын қолтаңбасымен бірге белсенді оқырмандары мен Әл-Фараби ғылыми кітапханасына, және бизнес Жоғары мектебіне үлестірді.



 



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі