2. Операциялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – проректор

Білімі:

1) тиісті сала бойынша біліктілігін жетілдіру сертификаттарының (куәліктерінің) және менеджмент саласында қосымша білімінің болуы мүмкіндігінше құпталады.

Функционалдық қызметтері:

1) Университеттің кадрлық, заңгерлік және құжаттамалық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етеді.

2) Университеттің ұйымдастырушылық құрылымы мен басқару жүйесін дамыту және жетілдіруді үйлестіреді.

3) Білім алушылар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғау және әлеуметтік қорғау (емдеу және оңалту) бойынша университет жұмысын ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз етеді.

4) Халықаралық ынтымақтастықты дамытуды және университетті қазақстандық және халықаралық рейтингтерде ілгерілетуді үйлестіреді.

5) Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді, университет қызметін цифрландыруды қамтамасыз етеді;

6) HR менеджментінің тиімділігін қамтамасыз етеді және ірі қазақстандық және халықаралық рекрутингтік және маркетингтік компаниялармен ынтымақтастықты дамытады;

7) Қызметкерлердің ішкі тәртіп ережелерін және университеттің корпоративтік мәдениет кодексін сақтауын қамтамасыз етеді.

8) Ақпараттық-баспа қызметін дамытуды үйлестіру және статистика жүргізу, білім беру қызметтері нарығын болжау және талдау үшін маркетингтік ақпарат жинауды қамтамасыз етеді.

Білімі, дағдылары:

- білім және ғылым жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше);

- ұйымдастыру менеджменті мен әкімшілендірудің негізгі қағидаларын білу;

- жобалық және корпоративтік басқару негіздерін білу;

- бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;

- фандрайзинг, инвестициялық талдау дағдылары;

- тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.