1. Ғылыми-инновациялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – проректор

Білімі:

1) ғылым кандидат немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор;

2) тиісті сала бойынша біліктілігін жетілдіру серификаттарының (куәліктерінің) және менеджмент саласында қосымша білімінің болуы мүмкіндігінше құпталады.

Ғылыми мақалаларының болуы: 

 1.Соңғы 5 (бес) жылда Journal Citation Reports Web of Science мәліметтері бойынша 1, 2, 3 және 4 квартильге кіретін немесе Scopus мәліметтер базасында Cite Score процентиль көрсеткіші тиісті ғылым саласы бойынша 25-тен кем емес халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалары бар тұлғаларға басымдық беріледі. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша сондай-ақ Web of Science Core Collection (Arts and Humanities Citation Index бөлімдері, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index) Clarivate Analytics компаниясында, JSTOR индекстелетін журналдар да есепке алынады.

2. негізгі ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау талап етілетін ҚР БҒМ БҒСCҚеК бекітілген ғылыми басылымдар Тізіміне енген ғылыми басылымдарда мақалаларының болуы.  

Функционалдық қызметтері:  

1. Университеттің даму Стратегиясына сәйкес ғылыми-инновациялық қызметті және ғылым мен білім беруді интеграциялауды стратегиялық жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады. 

2. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастырады және университеттің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуы үшін маңызды жобаларға қатысуын қамтамасыз етеді. 

3. Ғылымның басым бағыттары бойынша жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау, қайта даярлау және тағылымдамадан өткізу жұмыстарын үйлестіреді.  

4. Университеттің республикалық, халықаралық ғылыми бағдарламаларға қатысуын үйлестіреді және халықаралық базаларда индекстелген рейтингісі жоғары журналдарда мақала жариялау белсенділігін қамтамасыз етеді. 

5. Ғылыми-зерттеу институттарының қызметіне басшылық етеді және ғылыми-техникалық кеңестің қызметін үйлестіреді.

6. Ғылыми қызметке инвестиция тартуға және коммерцияландыру әлеуеті бар инновациялық жобаларды ілгерілетуге ықпал етеді. 

7. Шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейту және дамыту бойынша қызметті үйлестіреді.  

8. Ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайтуға ықпал етеді.  

9. Ғылыми журналдардың редакциялық алқасын және ғылыми-инновациялық қызмет жетістіктерін ілгерілетуді жүзеге асырады. 

10. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерін патенттік-лицензиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 

Білімі, дағдылары:

- білім және ғылым жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше);

- ғылыми-инновациялық қызметтің және зерттеулер менеджментінің негізгі принциптерін білу; 

- ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру технологиялары мен құралдарын білу;

- жобалық және корпоративтік басқару негіздерін білу;

- бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;

- ғылыми фандрайзинг және жобаларды инвестициялық талдау дағдылары;

- тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.