Оқуға қабылдау кеңсесі 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыс жүргізілді

18.10.2023

Көрулер: 57454

Оқуға қабылдау кеңсесінің қызметкерлері "125 High School Тараз" мектебінің оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастарылды.

Мектеп оқушылары университет туралы көп нәрсе біліп, қабылдау процесіне және Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге үлкен қызығушылық танытты. Баяндамашылар студенттерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сапалы білім алу туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік беретін бейнематериалдар мен презентациялар қолданып оқушылардын назарын алды.

Енді болашақ талапкерлер біздің университет қабырғасында қолжетімді және сапалы білім алуға мүмкіндігі бар екенін біледі.