ҚазҰУ студенті Дүниежүзілік универсиадада тағы бір медаль жеңіп алды

31.07.2023

Көрулер: 31048

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Константин Малиновский Дүниежүзілік универсиадада пневматикалық мылтық атудан тағы да топтық құрамда жеңіске жетіп, қола медальға ие болды.

 

Бұған дейін де еліміздің ерлер атқыштар командасы құрамында бақ сынасқан Константин Малиновский күміс медальға қол жеткізген еді. 

Ертең ҚазҰУ студенттері Константин Малиновский мен Арина Алтухова жеке-дара сайысқа түседі.

Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиаданың атқыштар жарысына әлемнің 29 елінен спортшылар қатысуда.

Қазіргі таңда үстел теннисі, волейбол, шахмат, дзюдо бойынша ҚазҰУ командалары түркі универсиадасына дайындалуда.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі