ҚазҰУ студенті Дүниежүзілік универсиадада күміс медаль жеңіп алды

30.07.2023

Көрулер: 30777

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Константин Малиновский Дүниежүзілік универсиадада топтық құраммен сайысқа түсіп, күміс медаль жеңіп алды. 

 

Шағын калибрлі мылтық атудан ерлер командасы құрамында Малиновский Константин, Сәтбаев Ислам, Шахторин Никита бақ сынасты. 

 

Ел қоржынына түскен кезекті жүлдемен спортшыларымызды құттықтаймыз! 

 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ҚазҰУ студенті, дзюдошы Сұңғат Жұбатхан алғашқы қола медальді жеңіп алған болатын. Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиада 8 тамызға дейін жалғасады.